Абдолла Жұмағалиев
Абдолла Жұмағалиев (03.04.1915, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жосалы ауылы – 1941, 26 қазан) - ақын.
- 1934 – 36 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет университеті)
- 1936 – 38 жылы ҚазПИ-де (қазіргі АлМУ) оқыған.
- 1938 – 39 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы
- 1939 – 41 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор болған.
- 1941 жылы шілдеде әскерге шақырылып, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапты (1941, 26 қазан).
Абдолла Жұмағалиев | |
---|---|
Дүниеге келгені: |
03.04.1915 Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жосалы ауылы |
Қайтыс болғаны: | 26.10.1942 |
Мансабы: | ақын |
Ол туралы
өңдеуЖұмағалиевтың ерлігіне арнап Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын жазды (1943).
Шығармашылығы
өңдеуЖұмағалиевтың алғашқы өлеңі
- “Біздің еңбек” альманағында (Орал, 1934) жарық көрген.
1936 – 41 жылдары шығармалары республикалық баспасөзде үнемі жарияланып тұрды.
- “Токиодағы дауыс”
- “Шығыс қызы”
- “Асан туралы аңыз” атты поэмаларында жастық шақ, адамгершілік, достық, бақыт, Отан тақырыбын көтеріңкі шабытпен жырлады.
Шет ел әдебиетінен Байрон, Лермонтов, Низами, Тоқтағұл шығармаларын қазақ тіліне аударды. Кейін ақынның әдеби мұралары
- “Таңдамалы өлеңдер” (1945)
- “Өшпес жалын” (1962)
- “Өлмес өмір дастаны” (1985) атты жинақтарында жарияланды.[1]
Жазған шығармаларынан
өңдеуАбдолла:
«Өлсем ұмыт болмай ма дүние деген,
Мәңгі айрылысып қалмай ма о да мүлдем.
Жанжал, шумен алысқан қайран басым,
Бір қуыста қалмай ма үңгірлеген...»
- дейді. Бұл шумақ Абайдың«Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?..» деп келетін өлеңін еске тұсіреді. Және бір мысал:
«Қызыл шырай, қыз дүние қалар артта,
Мөрін басып ақырғы мәңгі шартқа.
Мен кетермін, келмеспін енді айналып,
Басымдағы сырымды жаздым хатқа...»
(«Келер ұрпаққа») шумағының соңғы екі тармағындағы түйін Абайдың:
«Өтті ластап демеңіз жүрген жолын,
Келді күн , келер ұрпақ заманаға!..»
- деген кемел ойына үндеседі.[2][3]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
- ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- ↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8