Электронды сағат
Электронды сағаттың қолға тағатын (кернеуі 1,5 В өте шағын гальваникалық элементтен қоректенетін), столға қоятын (220 В кернеулі айнымалы ток желісінен не 1,5 В кернеулі «А—316», «Крона» элементтері арқылы жұмыс істейтін) және автомобильге қоятын (кернеуі 12 В аккумулятордан қоректенетін) түрлері шығарылады. Гальваникалық бір элемент сағаттың кемінде 12 ай жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Айнымалы ток желісінен жұмыс істейтін сағаттарда токтың қосымша көзі де (гальваникалық элемент) пайдаланылады; кернеу беру әлдеқалай үзіліп қалса, сағат автономды қоректену көзіне автоматты түрде қосылады. [1]
Қазіргі таңда электронды сағаттарды жақсартып, смарт-сағаттар ойлап табылған. Олардың функциялары біршама жақсарып, камера, жүрген жолды, жүрек соғысын есептейтін құралдар енгізілген.
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаладағы не оның бөлімдеріндегі ақпарат ескірген. |