Мария Гаэтана Аньези
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Мария Гаэтана Аньези
Мария Гаэтана Аньези | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Милан, Милан княздығы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Милан, Цисальп Республикасы |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны |
Болонья университеті |
Ғылыми жетекші |
Рамиро Рампинелли |
Мария Гаэтана Аньези (итал. Maria Gaetana Agnesi; 16 мамыр 1718 — 9 қаңтар 1799)[1] — итальяндық математик, теолог, гуманист, филантроп және философ. Ол университетте математика профессоры болып тағайындалған және математика саласындағы оқулығын жазған тұңғыш әйел болған. [2]
Мария дифференциалды және интегралдық есептеулерге арналған бірінші кітапты жазған және де өзінің ешқашан қызмет етпеуіне қарамастан, Болон университетіндегі факультет мүшесі болып саналған.
Биография
өңдеуМария Гаэтана Аньези Милан қаласындағы сауатты және бай көпес отбасысында дүниеге келген.[3] [4] [5] Пьетро Аньези, Марияның әкесі, жібекпен сауда жасаған[6], жанұясын Милан дворяндарының қатарына қосқысы келген. 1717 жылы осы мақсатымен Бривиус де Броклз отбасынан шыққан Анна Фортунато Бривиоға үйленеді. Оның отбасысы 21 баладан тұрған[7], ал Мария оның үлкені болған. Оның әпкелерінің бірі Мария Тереза болған, әйгілі музыкант және композитор, оған қоса Сальери, Моцарт және Гайднмен бірге тансы болған.
5 жасында француз тілінде де, итальян тілінде де сөйлегенді білетін. Ол 11 жасқа толғанға дейін испан, неміс, грек, иврит, және латын тілдерін үйреніп, «жеті тілді шешен» деп аталған.[8] Осы себептерден адамдар бала кезінен бастап Марияны вундеркинд деп санаған.
12 жасында Мария аса көп сабақ оқығаннан жұмбақ аурумен ауыра бастады, осы себептен оған атпен серуендеу және бимен айналысуға кеңес берілген. Бірақ осы емдеулер көмек бермеді, тырыспа ұстауы өршеленді, осыдан кейін оған модерацияны ұстау белгіленді. 14 жасына қарай ол баллистика мен геометрияны оқыды.[9]
Анасының өлімі оған қоғамдық өмірден кетуіне және үй шаруашылығының басқаруын өзіне алуына себепкер болды. 21 жасында Аньезиде монастырға бару мақсаты болған, бәрақ оның әкесі бұған рұқсат бермеген. Пьетро Анези, Мария математика саласындағы зерттеулерімен айналысса ғана қалаған қайырымдылық жұмыстарымен айналысуға рұқсат берген. Оның сабақтары мен қойылымдарынан басқа, Мария інілеріне сабақ беруге міндетті болған. Осы кезден ол қоғаммен барлық қарым-қатынасты тоқтатып, өзін математикаға арнады.[10]
1751 жылы ол қайтадан ауыра бастады,сол себептен дәрігерлер оған оқуға тыйым салды. Бір жылдан кейін оның әкесі қайтыс болады, сосын ол теологияны зерттей бастап, кедейлерге, үйсіздерге және науқастарға көмек берді. 1783 жылы ол "Пио Тривульцио" деген әйелдерге арналған қарттар үйінің негізін қалап, оның директоры болды және осы жердің монахтары сияқты өмір сүрді. 1799 жылы 9 қаңтарда Мария Аньези кедей болып қайтыс болды және он жаппай қабірде 15 басқа адамдармен бірге жерленген болатын.[11]
Математикаға қосқан үлестері
өңдеу1739 жылы Маркиз Гуилла де Л'Опиталдың "traité analytique des sections coniques" кітабын оқығаннан кейін, ол 1740 жылы сол кездегі ең танымал итальяндық математиктердің бірі болған Оливет монахы, Рамиро Рампинеллимен дифференциалды және интегралды есептеулерді зерттеді. Осы кезде оның отбасысы Миландағы ең байлардың бірі ретінде саналған.
Мария Аньези 1748 жылы Instituzioni analitiche ("Талдау негіздері") атты еңбегін жариялады. Мария Гаэтананың есімімен ол зерттеген верзьера қисығы («Верзьера Аньези») аталған болатын. Рим Папасы Бенедикт XIV 1750 жылы әкесінің ауруына байланысты оны Болонья университетіндегі математика, табиғи философия және физика профессоры деп тағайындады, бірақ Мария осы дәрежесімен ешқашан пайдаланбаған. Ол университетте Лаура Бассиден кейін профессорлық лауазымға ие болған екінші әйел.[12]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Maria Gaetana Agnesi (1718 - 1799)
- ↑ Maria Agnesi
- ↑ "Maria Agnesi and Her “Witch”"
- ↑ Maria Gaetana Agnesi
- ↑ https://en.wikisource.org/wiki/Catholic_Encyclopedia_(1913)/Maria_Gaetana_Agnesi
- ↑ Calculations of faith: mathematics, philosophy, and sanctity in 18th-century Italy (new work on Maria Gaetana Agnesi)
- ↑ Maria Gaetana Agnesi
- ↑ Women in Science: Antiquity Through the Nineteenth Century. A Biographical Dictionary with Annotated Bibliography. Marilyn Bailey Ogilvie
- ↑ Women in Science: Antiquity Through the Nineteenth Century. A Biographical Dictionary with Annotated Bibliography. Marilyn Bailey Ogilvie
- ↑ Women in Science: Antiquity Through the Nineteenth Century. A Biographical Dictionary with Annotated Bibliography. Marilyn Bailey Ogilvie
- ↑ Maria Gaetana Agnesi
- ↑ 1911 Encyclopædia Britannica/Agnesi, Maria Gaetana