Гемодинамика
Гемодинамика (грек. Һаіма –қан және динамика)- қан тамырлары жүйесіндегі гидростатикалық қысым айырымы нәтижесінде тамырдағы қанның жылжуы. Мысалы: адамға жүрек бір жиырылғанда 60-70 мл қан айдап шығарады. Бұл тыныштық жағдайда 4,5-5 л/мин-қа тең. Жүректің 1 минутта айдайтын қан мөлшері жүрек–тамыр жүйесі қызметінің ең басты көрсеткіші болып есептеледі. Мысалы қара жұмыс кезінде ол 20-25л/мин-қа жетеді. Қан тамыр жүйесі тұйық және тамырлардың ұзындығы, диаметрі, бір-біріне жалғасуы әртүрлі (тізбектеле, қатарласа) болғандықтан, қанның жылжуына едәуір кедергі туады.
Пуазеиль заңы
өңдеуОл кедергінің шамасы Пуазеиль заңы бойынша анықталады. Қан тамырларының барлық белігінен бір мезгілде өтетін қан мөлшері бірдей болады. Канның тамыр бойында қозғалу жылдамдығы тамыр бөлігінің осы арадағы барлық қуыс көлеміне кері пропорционал келеді. Қанның адам қолқасындағы орташа жылд. 50 см/сек, капиллярларда 0,5 мм/сек, ал қуыс венеларда 20 см/сек. Жүректің соғуына байланысты қолқа мен ірі артериялардан қан үздік-үздік өтеді. Артерия қабылғасының созымталдығы арқасында, артық мөлшерде келген қан сонда іркіліп қалады да, капиллярға үздіксіз ағып келіп тұрады. Мұның қан мен ткань арасындағы зат алмасу процесінде маңызы зор.
Дереккөздер
өңдеуҚазақ энциклопедиясы