Боинг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Boeing бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту
The Boeing Company
Биржадағы листингі

NYSE: BA

Қызметі

Әуе тасымалы

Құрылды

1916

Құрушы

Уильям Боинг

Орналасуы

АҚШ: Чикаго

Басты адамдары

Джеймс МакНерни (директорлар кеңесінің төрағасы және президент)

Саласы

әуе және ғарыш техникаларын құрастыру

Өнімі

әуе, ғарыш және әскери техникалар

Айналым

64,3 млрд долл. (2010 жыл)

Таза табыс

3,3 млрд долл. (2010 жыл)

Қызметкерлер саны

160,5 мың адам (2011 жылдың қаңтары)

The Boeing CompanyАмерикалық компания. Әлемдегі әуе, ғарыш және әскери техникалар шығаратын ең ірі компаниялардың бірі. Орталық штаб-пәтері АҚШ, Иллинойс штаты, Чикаго қаласында орналасқан.

Уильям Боинг

Boeing компаниясының тарихы өз бастауын әлемдік авиацияның қайнар көздерінен алады. 1903 жылы ағайынды Райттар алғашқы тарихи ұшу сәтін жүзеге асырған кезде америкалық әуе өнеркәсібінің болашақ негізін қалаушы 22 жасар Уильям Боинг Йель университетінің инженерлік факультетін тастап кетті. Сәтті кәсіпкерге айналған ол өзінің болашағын авиациядан көрді. Көптеген қиындықтардан өтіп 1934 жылы Уильям Боинг Американың ең бай адамына айналып, өзінің атын әлемдегі ең мықты және сәтті әуе құрылыс корпорациясының негізін қалаушысы атымен тарихта қалдырды.

Алты жыл – 1908 жылдан бастап 1914 жылға дейін Боинг авиацияның теориясы мен практикасын зерттеді. Қағазда оңай көрінген тұстар іс жүзінде көптеген қиындықтар алып келді: әуе құрылысының алғашқы шеберлері өздігінен үйреніп жүрген жігітке көмектескілері келмеді. Ол бар жоғы аэропланда ұшуды және оның конструкциясын меңгеруді үйренгісі келді. Басқа біреу болса баяғыда бұл ісін тоқтатар еді, бірақ Билл шыдамдылық танытып, әрі бай болып, 1915 жылы сол кезде гидропландардың атақты ұшқышы және конструкторы Глен Мартиннен ұшуды үйренді.

Лос-Анджелестен Боинг Сиэтлге өз гидропланымен оралып, Юнион көлінің жағасында қайық сарайын сатып алып, досы теңіз офицері Джордж Вестервельтпен (George Westervelt) бірге Pacific Aero Club құрып, ол жерде аз ақшаға барлық ұшқысы келетіндерге ұшуды үйретті. Бірақ, көп ұзамай Мартиннің аэропланы жас авиаторға ұнамай қалып, ол одан да жақсы ұшақ ойлап табуды көздеді. Сонымен 1916 жылы достардың аты жөндерінің алғашқы әріптерімен аталған B&W (Model 1) қалтқылы гидроұшағы - бірінші Boeing дүниеге келді. Еуропада бұл кезде Дүниежүзілік соғыс болып жатты. Авиация ойыншықтан қуатты күшке айналып, алысты болжайтын Билл Боинг кейінгі оқиғалардың ретін дұрыс аңғарды: АҚШ соғысқа кіріп, армия мен флотқа ұшақтар қажет болды. Сондықтан кідіріп қалу өліммен тең болды (бұл фраза басқа бір тарихи тұлғаға қатысты болды).

Pacific Aero Products әуе құрылысы компаниясы 29 маусым B&W алғашқы ұшу сәтіне дейін 1916 жылдың 15 маусым айында тіркелді. Уильям Боинг жаңа кәсіпорынға сол кездегі қыруар ақша болып саналатын $100 мың салды. Екі B&W Жаңа Зеландияға сатылып, 1917 жылы өз атын Boeing Airplane Company ауыстырып, фирма 50 Model С көпмақсатты гидропландарға алғашқы әскери тапсырыс алды. Шарттың сомасы $116 мың құрап, Боинг қысқа мерзімде кішкентай цехты 337 қызметкерден тұратын үлкен өндіріс орнына айналдырып, олардың үштен екісі ұшақтардың жоғарғы беттерін полотномен тартатын тігіншілер болды. Өмір қайнап жүріп жатты. Соңында Уильяма Боингтің жұмсаған күш жігері сәтті аяқталып, ірі авиациялық империя құрылды. Pratt & Whitney мотор жасау компаниясымен біріге отырып, тынымсыз Билл үлкен компания басшысына айналды: жарғы капиталы шамамен миллион долларды құрайтын United Aircraft & Transport Corporation.

Boeing Airplane Company

Барлығы 1934 жылы аяқталды. Антимонопольді заңнама қабылданғаннан кейін көліктік және сервистік бөлімшелер жеке компанияларға бөлініп, United Aircraft & Transport Corporation компаниясы Boeing Airplane Company қалпына келді. Қатты ренжіген Боинг авиациялық бизнестен бас тартты. Бірнеше жылдан кейін ол АҚШ-тың ең мықты жылқы зауыт иегеріне айналды. Боинг кеткенімен Boeing қалды. Фирманың потенциалы мықты болғаны соншалық, оны жойып жіберу мүмкін болмады. Барлық күш жігерді сол кездегі алдыңғы қатарлы ұшақтарды жасап шығаруға жұмсады. Boeing Airplane Company заңнама шығарушылардың соққысын сезбеді. Екінші дүниежүзілік соғыстың басына дейін компания атақты герман қалаларына қаһар тудырған ауыр бомбалаушы ұшақ В-17 Flying Fortress және герметикалық кабинасы бар әлемдегі алғашқы жоғарғы биіктікте ұшатын Model 307 Stratoliner жолаушы ұшағын жасап шығарды.

1940 жылдардың соңында Boeing жолаушыларды тасымалдау саласындағы реактивті двигательдің үлкен перспективаларын дұрыс бағалай білді. Сондықтан да, өз уақытын оза білетін лайнер ойлап тапты. Көптеген ақша және біраз уақыттан соң пайда алып келетін бұл лайнер әскери тапсырыс аясында ауыр жанармаймен жабдықтаушы ұшақ ретінде жасалды. Бірақ, 1952 жылы ұшақ жерден көтерілгеннен кейін маман болмаған адамдар да азаматтық авиацияда Boeing 707 жаңа дәуірдің басы екенін түсінді. Boeing-тің инженерлері ауыр азаматтық ұшақтың классикалық үлгісін: қанат астында пилондардағы двигательдері бар төменде ұшатын ұшақ құрастырды. Қазіргі магистральді реактивті лайнерлердің басым көпшілігі осы схема бойынша жасалып, тек двигателдердің саны екіден төртке дейін ауысып отырады.

Boeing 787 Dreamliner алғашқы ұшуы

1996 жылы Boeing Corporation компаниясының авиациялық двигательдер мен авиониканың өндірушісі Generel Electric-пен бірігіп Boeing Business Jets компаниясы құрылды. Компанияның міндеті жайлылығы жағынан шейхтар мен президенттердің жеке ұшақтарымен салыстырылып, үнемділігі жағынан асып түсетін сериялы бизнес ұшақты жасап шығару. Жолаушылар авиациясын бүкіл тарихы бойына ең көп өндірілген жолаушы лайнері Boeing 737 жобаның негізіне айналды. Мұндай таңдау жетістікке кепілдік болды. Boeing компаниясы бірден жаңа BBJ салуға 50 тапсырыс алып, мамандар XXL-Class деп атаған іскер ұшақтардың жаңа супер класының бастаушыларына айналды.

Рекорд жаңартқан 777-200LR Worldliner, Paris Әуе шоуында, 2005.

Ұшақ үлгісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Иегері және басшылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Іс-әрекеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Іс-әрекет көрсеткіштері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Boeing-тың Қазақстандағы қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ескертулер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үлгі:Түсініктемелер

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үлгі:Avia-stub Үлгі:DJIA