Сейфолла Әбдірайымов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Әбдірайымов Сейфолла бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Әбдірайымов Сейфолла(25.9.1939 ж.т., Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бірлік а.) — ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1990), проф. (1991), Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1993), Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы (1987).

Қоңырат тайпасы Көтенші руынан шыққан.[1]

Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1961). 1964 — 65 ж. Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінде жауапты қызметкер, 1965 — 78 ж. Қазаққаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі болды. 1978 жылдан осы институт директорының орынбасары. Әбдірайымовтің ғылыми зерттеу еңбектері шөлейт аймақтарда өсетін мал азықтық өсімдіктер тұқымын шығаруға арналған. Әбдірайымов Қазақстанның қуаңшылық аудандарында жайылымдарды суландырудың теориялық негізін жасап, 200 мың га суландырылатын жайылым алқабын ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізді. Сондай-ақ құрғақшылыққа төзімді, жоғары өнімді мал азақтық шөптердің бірнеше сортын (“Сырдариялық” изен, “Арыстық” теріскен, “Жансая” қара сексеуілі т.б.) шығарды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

“Қазақ Энциклопедиясы”,


  1. Шалысбайұлы Нұртас Ата-бабаның ауызша шежіресі. Орта жүздің Қоңырат шежіресі. Қоңырат Көктің құсы Сүйінбай Жәни Қараша. — Алматы: Жазушы, 2000. — 128 б. — 2000 таралым. — ISBN 5-605-01718-7.