Мазмұнға өту

Шығыс Тимор Ұлттық футбол құрамасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шығыс Тимор Ұлттық футбол құрамасы
Логотип
Лақап аты

O Sol Nascente
(The Rising Sun)
Pequena Nação do Samba
(The Little Samba Nation)

Конфедерация

АФК

Федерация

Тимор-Лесте Футбол Федерациясы

Бас бапкері

Симон Эллисетче

Капитаны

Ангишу Барбоза[1]

Ең көп
ойын саны

Ангишу Барбоза (27)

Үздік
бомбардир

Мурило де Альмейда (6)

ФИФА рейтингі

190 (17 мамыр 2018)

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

Шри-Ланка 3–2 Шығыс Тимор
(Коломбо, Шри-Ланка; 21 наурыз 2003)[2]

Шығыс Тимор 5–1 Камерун
(Янгон, Мьянма; 5 қазан 2012)

Шығыс Тимор 0–10 Сауд Арабиясы
(Дили, Шығыс Тимор; 17 қараша 2015)

Тимор-Лесте немесе ШығысТимор Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Шығыс Тимордың намысын қорғайтын құрама. ФИФА және АФК мүшесі. Басқарушы орган — Тимор-Лесте Футбол Федерациясы.

2000 жылы Шығыс Тимор Индонезиядан өз тәуелсіздігін алды да, 2002 жылы АФК-ға тіркелді. Ал 2005 жылы ФИФА құрамына мүшелікке өтті. Азиядағы ең аутсайдер құрамалардың бірі, 2018 жылғы мамыр айында ФИФА рейтингісінде 190 орынға жайғасты, ең жоғары көтерілген сатысы — 146-орын ғана (2015 жылы шілдеде).

Әзірше әлем чемпионаттары мен Азия кубогының финалдық турниріне қатыспаған. Алғашқы кездесуін 2003 жылы өткізді. Алғашқы ресми жеңісін тоғыз жылдан соң, 2012 жылы тойлады, АСЕАН кубогында 5:1 есебімен Камбоджа құрамасын тізе бүктірді[3]. Ал 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Моңғолияны 4:1 есебімен ұтқанын да мамандар шулы сенсация деп бағалады.

Өз алаңындағы ойындарын ел орталығы Дили қаласындағы Ұлттық стадионда өткізеді. Стадионның сыйымдылығы 13 000 адам. 1980 жылы іргесі қаланған, 2010 жылы бір рет реконструкция жасалған. Стадионға 2005 жылы әйгілі футболшы Криштиану Роналду да келген.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]