Анатолий Антонович Савельев
Савельев Анатолий Антонович (1914 ж. т., Енисей губерниясы, Богучан селосы) – геолог, геологиялық-минералдық ғылым докторы (1960). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетін геолог мамандығы бойынша бітірген (1937). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947 – 48 ж. Бозащы, Солтүстік Ақтау өңірінде геологиялық түсірім жұмыстарын жасап, 1949 – 50 ж. геолог Н.Ф. Кузнецовамен бірге Бозащы алаңында мұнай-газ қоры бар деген болжам айтты. 1955 ж. Маңғыстаудың палеоген қабатының стратигрлік сұлбасын жасақтады. 1957 – 59 ж. Бозащы түбегінің геологиялық түсірілімін, Маңғыстаудың юра қабатының фауналық пайда болуын жасады (1963). 1963, 1971 ж. төменгі бор конкрециясындағы стратигрлік үйлесімсіздіктерді нақтылап зерттеген. Маңғыстаудың төменгі аммонит картотекасын құрды (1973). Дүниежүзілік геологиялық әдебиетке алғаш рет аммонит тастың филогенетикалық сұлбасын дайындады. 3 томдық «Палеонтология негіздері» анықтамалығы авторларының бірі. Бірнеше монография және ғылыми мақалалардың авторы. Маңғыстау облыстық өлкетану мұражайының геологиялық бөлімін жасақтауға көп көмегін көрсеткен. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.[1] [2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
- ↑ «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |