Мазмұнға өту

Ысмайыл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Исмаил пайғамбар бетінен бағытталды)
Ысмайыл
араб.: إسماعيل
Сурет
Туған күні

б. з. д. XVIII ғ.

Туған жері

Палестина (Ханаан)

Қайтыс болған күні

б. з. д. XVII ғ. (шамамен 137 жыл өмір сүрді)

Қайтыс болған жері

Мекке, Арабия

Қызметі

Пайғамбар, аңшылар мен аудармашылардың атасы, құрылысшы (әкесі Ибраһиммен бірге Қағбаны салды)

Әкесі

Ибраһим

Анасы

Хаджар


Ысмайыл немесе Исмаил (ивр. יִשְׁמָעֵאל – Ишмаэль;гр. Ισμαήλ Ismaēl; лат. Ismael; араб.: إسماعيل‎) — ислам пайғамбары, Ибраһим пайғамбардың баласы. Исмаил есімі Құрандағы Тәңір аян берген, адамдарға ғибадат етуді үйреткен пайғамбарлар арасында айтылады. Әйелі Сараның қызғаншақтығынан сескенген Ибраһим кіші әйелі Хажар мен Исмаилді Арабияға әкетуге мәжбүр болып, оларды сусыз далаға тастап кетеді. Бала қатты шөліркеген соң, шешесі ас-Сафа және әл-Маруа биігінің төбесіне шығып, алыстан құдықты, көгалды жерді көреді.

Оларға Жәбірейіл көмекке келеді. Соның өмірімен Исмаилдің өкшесі тиген жерден қасиетті зәм-зәм бұлағы атқылайды. Араб шежірелерінің мәліметтері бойынша, Солтүстік Арабиялық тайпалардың барлығы да Исмаилдан тараған.

Ислам

мақалалар тізбегінің бөлігі



Құрандағы Ислам пайғамбарлары

Елшілер мен пайғамбарлар

Адам Ыдырыс
Нұх Һұд Салық
ИбраһимЛұт
ЫсмайылЫсқақ
ЖақыпЖүсіп
Әйюб
Шұғайб Мұса Һарұн
Зул-Кифл Дәуіт Сүлеймен Ілияс
Әл-Йаса Жүніс
Зәкәрия Жақия
Иса
Мұхаммед

Құранда әуелі тек Исмаил тек Зул-Кифл және Әл-Йаса секілді жай кейіпкер қатарында ғана еске алынады.

Кейін оның Ибраһиммен туыстығы атап көрсетілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1