Мазмұнға өту

Тілмаш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Аудармашы бетінен бағытталды)

Тілмаш, аудармашы – сөзді бір тілден екінші тілге ауызекі аударушы. Қазақстанның Ресейге қосылған кезінен бастап, қазақ халқының саяси өмірінде тілмаштар маңызды рөл атқарды. 18 ғасыр мен 19 ғасырдың алғашқы жартысында тілмаштық міндетті татарлар, башқұрттар және орыстар атқарды. 19 ғасырдың ортасынан Тілмаштыққа қазақтар алына бастады. Тілмаштар 19 ғасырдағы ғылыми экспедицияларда: Негри миссиясында (Ф.Ногаев), Ф. Берг экспедициясында (Қ.Тігінов, Н.Исин, К.Сағазиев, Д.Сатақаев), Шығысты зерттеуші В.В. Григорьевке Тілмаштардың бір тобы (А.Сейдалин, С.Жантөрин, Қ.Бабажанов) көп көмек көрсетті. Қазіргі кезде өкімет басшыларының шетелдіктерді ресми қабылдауларында, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс жасайтын шетелдіктермен бірлескен компанияларда Тілмаштық қызмет көрсетіледі.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том