Мазмұнға өту

Әбд әл-Мәлік ибн Маруан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Абд әл-Мәлік (халиф) бетінен бағытталды)

I Әбд әл-Мәлік ибн Маруан
араб.: عبد الملك بن مروان
Әбд әл-Мәлік ибн Маруан
Лауазымы
Умәйядтар халифатының 5-халифі
12 сәуір 685 — 8 қазан 705
Ізашары I Маруан
Ізбасары I Уәлид
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 646 (0646)
Медине, Сауд Арабиясы
Қайтыс болуы 8 қазан 705 (0705-10-08)
Династия Умәйя әулеті
Әкесі I Маруан
Балалары l Уәлид, Хишам, Сулеймен, II Йазид, Маслама

Әбд әл-Мәлік ибн Маруан әл-Умәйя[1] (араб.: عبد الملك بن مروان‎; 646705) — Умәйядтар халифатының 5-ші халифі.

646 жылы Медине қаласында дүниеге келген. Өте білімді адам болған.

683 жылғы Умәййя билігіне қарсы қозғалыс кезінде Абд әл-Мәлік туған жері Мединеден қашып кетеді. Екі жылдан кейін әкесі I Маруанның өлімінен кейін халифатқа мұрагерлік жолымен келіп, өзінің көмекшісі Әл-Хаджадж ибн Жүсіппен бірге Умәйя әулетінің билігіне қарсы қозғалыстарды тұншықтырып, мұсылман әлемін қайта біріктіру үшін 7 жылға созылған соғыс науқанын бастайды. Ол солтүстік Африканы бағындыра отырып берберлерді өз жағына тартады. 697 жылы Византия Империясына бағынышты Карфагенді жаулап алады. Медина діни қызметкерлерімен жақсы қарым қатынаста болғандықтан, олардың көпшілігі Омейя әулетіне бағытталған қарсылықтарын тоқтатады. Араб тілін халифаттың барлық аймақтарының мемлекеттік тілі ретінде бекітеді және сол кезеңде қолданылып жүрген Византиялық шақаларды ауыстыру үшін дербес алтын шақалар шығарады. Оның билігі тұсында Иерусалимде Жартас Күмбезі мешіті салынды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. БРЭ/Абд Аль-Малик Мұрағатталған 13 тамыздың 2016 жылы.
  2. Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4
Әбд әл-Мәлік ибн Маруан
Туған күні: 646 Қайтыс болған күні: 8 қазан 705
Ізашары:
I Маруан
Ислам халифатының халифі
Умәйядтар халифаты

12 сәуір 6858 қазан 705
Ізбасары:
I Уәлид