Қадыр Өтегенұлы Жүсіп
Қадыр Өтегенұлы Жүсіп | |||||||||
Туған күні | |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған жері | |||||||||
Азаматтығы | |||||||||
Ұлты |
Қазақ | ||||||||
Мансабы | |||||||||
Марапаттары |
|
Қадыр Өтегенұлы Жүсіп (1937 жылы 10 қарашада Атырауда туған) — ақын, Филология ғылымдарының докторы (1996), профессор (1998).Педагогика қызметкері. Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі. Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі. Атырау облысының Құрметті азаматы.
Толығырақ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қадыр Өтегенұлы 1937 жылы 10 қарашада Атырауда дүниеге келген. Руы Адай, бөлімі Сүйіндік.
Қаланың Жамбыл атындағы орта мектебін тәмамдап, 1961 жылы Атырау мемлекеттік педагогика институтын бітірген.
1961–1982 жылдары Гурьев қаласының Абай атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді. Содан кейін Алтынсарин атындағы №11 орта мектеп директорының орынбасары, №2 мектеп-интернатта аға тәрбиеші, облыстық халық шығармашылығы үйінің директоры, М.Әуезов атындағы №7, Қ.Сәтбаев атындағы №19 орта мектептерде мектеп директоры болды.[1]
1960-1975 жылдары облыстық радиода дикторлық қызмет атқарды.
1982 жылы Гурьев педагогика институтына қазақ әдебиеті пәнінен дәріс беру үшін жұмысқа шақырылады. Мұнда бастауыш білім және бала тәрбиесі бөлімінде, кейіннен жаңадан ашылған қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде қазақ әдебиеті, әдебиет теориясы пәндерінен дәріс оқиды.
1988-2003 жылдары қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушілік жұмысын атқарды.
1984 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне ғылыми ізденуші болып тіркеледі. Ғылыми жетекшілікке академик-жазушы, профессор Зейнолла Қабдолов тағайындалады.
1988 жылы «Жұмекен Нәжімеденовтың лирикасы» деген тақырыпта кандидаттық, 1996 жылы «Жұмекен Нәжімеденовтың ақындығы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болды.
1999 жылы Қазақстан Республикасы ЖАК-тің шешімімен профессор ғылыми атағы берілді.
2001 жылы Әлеуметтік ғылымдар академиясының корреспондент мүшелігіне сайланды.
2016 жылы Қазақстан Республикасы педагогика ғылымдарының академигі атағына ие болды.
Қазіргі таңда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры.
Шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Өлке» баспасынан «Естелік» (1993), «Ғылым» баспасынан «Асау Атырау» (1997) өлең жинақтары жарық көрген. «Әдебиет сабағында оқушылардың творчестволық ізденістерін қалыптастыру» (Әдістемелік құрал, 1993), «Орта мектепте лириканы талдау» (Әдістемелік құрал, 1994), «Жұмекен Нәжімеденовтың ақындығы» (Монография, 1995), «Жыр жиһазы» (Монография, 1995), академик-жазушы З.Қабдоловтың шығармашылығына арналған монография — «Жазушы. Ғалым. Ұстаз» (1997), жазушы Ә.Кекілбаевтың творчествосына арналған монография — «Шың мен шыңырау» (2000), «Таңғажайып Бейбарыс» (2000), «Алмас жыр» (2003), «Әдеби толғамдар» (2004), «Махамбеттану мәселелері» (2005), «Қазақтың Қабдоловы» (2005), «Жұмекен жұмбағы» (2006) сияқты кітаптар мен монографиялардың авторы.[2][3]. Академик Зейнолла Қабдоловтың 5 томдық шығармалар жинағының соңғы үш томын құрастырушы.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- КСРО "Еңбек ардагері" медалі.
- Құрмет грамотасы.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік Ерен еңбегі үшін медалі.
- 2001 жылы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігне 10 жыл" медалі.
- Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі.
- Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі.
- 2016 жылы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігне 25 жыл" медалі.
- Ыбырай Алтынсарин атындағы құрметті төсбелгі иегері.
- Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.
- 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Парасат орденімен марапатталды.
- 2021 жылдың 29 қыркүйекте өткен Атырау облыстық мәслихатының VII сессиясы шешімімен «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.[4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Атыраудың Қадыры
- ↑ Қазақ энциклопедиясы
- ↑ Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
- ↑ https://atpress.kz/16610-v-atyrau-proshla-ocherednaya-sessiya-oblastnogo-maslikhata
- 10 қаңтарда туғандар
- 1937 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Атырауда туғандар
- Парасат орденінің иегерлері
- Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалінің иегерлері
- Еңбек ардагері медалінің иегерлері (КСРО)
- Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалінің иегерлері
- Алфавит бойынша жазушылар
- Қазақстан жазушылары
- Қазақстан филологтары
- Филология ғылымдарының докторлары
- Қазақстан білім беру ісінің үздіктері
- Ыбырай Алтынсарин медалінің иегерлері
- Атырау облысының құрметті азаматтары