Эдит Пиаф
Эдит Пиаф фр. Édith Piaf | |
Эдит Пиаф (1962 ж.) | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Толық аты |
Эдит Джованна Гассион |
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Белсенділік жылдары |
1935—1963 |
Мемлекет | |
Мамандықтары | |
Дауыс түрі | |
Жанры | |
Лақап аттары |
La môme Piaf |
Лейблдері |
Capitol Records |
Эдит Пиаф |
Эдит Пиаф (фр. Édith Piaf), шынайы аты Эдит Джованна Гассион (фр. Édith Giovanna Gassion; 19 желтоқсан 1915, Париж — 10 қазан 1963, Грас) – француз әншісі, актриса. Ол «Hymne à l’amour», «Mon légionnaire», «La Foule», «Milord», «Mon Dieu» және «L’Accordéoniste» әндері арқылы бүкіл әлемге танымал болды.
Өмір баяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Балалық шағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Эдит Анита Майяр актрисасы мен акробат Луи Гасионның отбасысында дүниеге келді. Дүниежүзілік соғысының басында әкесі өз еркімен майданға кетті. 1915 соңында ол жаңа туған қызын көру үшін екі күндік демалыс алды.
Екі жылдан кейін Луи Гассион әйелі оны тастап, қызын ата-анасына тәрбиелеуге қалдырғанын білді. Эдиттің өмір сүрген жағдайы өте нашар болған. Әжесінің немересіне қарауға уақыты болмағанынан, оған сүттін орнына шарап құйып беретін. Сол кезде Луи қызын өз анасына Нормандияға апарды.
Кейінрек үш жасты Эдит соқыр екіндігі анықталды. Сондай ақ Эдитте бірінші айларынан бастап кератит ауруы дамыған болып шықты, бірақ анасы жағынан әжесі оны аңғармаған сияқты. Ешқандай үміт қалмаған кезде Гассион әжесі Эдитті жыл сайын бүкіл Франциядан мыңдаған қажылар жиналатын қасиетті Терезаға апарды. Сапарды 1921 жылының 19 тамызына белгіледі, ал 21 тамыз күні Эдит көре бастады. Оның жасы алтыда болған. Оның көрген бірінші заты – фортепианоның клавиштері. Бірақ оның көздері күн сәулесіне толалмады. Эдитті сүйген ұлы француз ақыны Жан Кокто оның көзін «көріп бастаған соқырдың көзі» деп атайтын.
Көп кешікпей сүюші әжесінің қамкорлығында қоршалған Эдит мектепке барды. Бірақ жергілікті халық өздерінің балаларының қасында жезөкшелер үйінде тұратын қызды көргісі келмейтін еді. Осы себептен қыз үшін оқу тез аяқталды. Сол уақытта әкесі Эдитті Парижге алып кетті. Сол жерде олар алаңда бірге ақша тапты – Луи акробат трюктерін көрсетті, ал оның 9 жасар қызы ән айтты. Оны «Жуан-ле-Пен» кабаресына алмағанша, Эдит көшеде ән айтып ақша тапты. Эдиттің жасы 15-ке толған кезде, ол әкесі жағынан сіңлісі Симонамен танысты. Симонаның анасы 11 жасты қызға үйге ақша әкелуін бұйырды. Симонадан басқа 7 баласы бар жанұяның жағдайы қиын болды, сүйтіп Эдит сіңлісін өзімен көшеде ән айтуға алып кетті. Ол кезде Эдит өз бетімен күнелтті.
Жастық шағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1932 жылы Эдит дүкен иесі Луи Дюпонмен (фр. Louis Dupont) танысты, бір жылдан соң 17 жасар Эдитте қыз туған. Атын Марсель (фр. Marcelle) деп қойды. Бірақ Эдиттің жұмысына тым көп уақыт бөлетініне Луи келіспеді, жұмысын тастауды талап етті. Эдит бас тартты да, олар айырылысты. Қызы анасымен қалды, бірақ бір күні үйіне келіп Эдит қызын таппады. Сүйікті әйелі қайтып оралатынына сеніп, Луи Дюпон қызын алып кетті. Марсель менингитпен ауырып, ауруханаға түсіп қалды. Қызына ауруханаға кіріп шығуларынан кейін Эдиттің өзі де ауырып қалды. Ол кезде бұл ауру өте қиын емделетін, жарайтын дәрі-дәрмек те жоқ еді. Нәтижесінде Эдит жазылып кетті, ал Марсель қаза тапты. (1935)
1935 жылы, Эдиттің жасы 20-ға толған кезде, оны «Жернис» (фр. le Gerny’s) кабаресының иесі байқап қалды да, өзінің бағдарламасына қатысуға шақырды. Оның Пиаф (торғай) атын Лепле тапты. Ол жыртық аяқ киіммен далада «Тоғай сияқты туғанм. Торғай сияқты өмір сүрдім, торғай сияқты өлдім» леп ән айтатын еді. «Жернисте» жарқағаздарда Эдиттің аты «Пиаф бөбек» деп жазылатын. Бірінші көрсетілімдері зор жетістіктерге жетті. 1936 жылы 17 ақпан күні «Мердано» циркінде Эдит Морис Шевалье, Мистингетт, Мари Дюба сияқты француз эстрадасының жұлдыздарымен бірге үлкен концертке қатысты.
Бірақ осы олжалы шарықтау қасіретпен үзіліп кетті. Көп ұзамай басына атудан Луи Лепле қайтыс болды. Эдит күдіктілердің санына қосылды, себебі Луи өсиетхатында оған шағын ақша қалдырып кетті. Газеттер бұл оқиғаны жариялауды асырып жіберді, сондықтан кабареның келушілері өз өздерін жаулықпен ұстады.
Жаңа Самғау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Уақыт өте келе Эдит француз ақыны Раймон Ассомен танысты. Ол Эдиттің кейінгі өмір жолын анықтады. Раймонның арқасында дүниеге «Ұлы Эдит Пиаф» келді. Ол Эдитті тек мамандығына қатысты заттарға емес, сондай ақ өмірінде керек болатын нәрселерді үйретті: әдеп ережелеріне, киім таңдау тәсіліне және т. б.
Раймон Ассо Эдиттің Париждегі ең үлкен мюзткл-холлынды – «АВС» мюзикл-холынды қатысуына жетті. Біл көрсетудің табысынан кейін баспасөз Эдит туралы «Кеше “ABC” –дің сахынасында ұлы жұлдыз туған » деп жазды.
Екінші дүниежүзілік соғыс
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Екінші дүниежүзілік соғыстың басында әнші Раймон Ассомен айырылысты. Бұл кезде ол танымал француз режиссеры Жан Коктомен кездесті. Ол Эдитке өзі жазған «Селқоз сұлу жігіт» көрінісіне қатысуын ұсынды. Дайындықтар жақсы өтіп, көрініс үлкен табысқа ие болды. Бірінші рет ол 1940 жыды көрсетілді. 1941 жылы «Сенадағы Монматр » фильмы түсірілді, онда Эдит басты рөлге ие болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Эдиттің балашағасы өліп кетті. Басқыншылық кезінде Эдит лагерьлерде соғыс тұтқындары үшін ән айтты.
Соңғы жылдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1958 жылы Эдит «Олимпия» концерт залында ән айтып бастады. Жетістігі таңқаларлық болды. Одан соң ол Америкадаға 11 айлық турнеге барды, кейін «Олимпиядағы» концерт, Францияға турне. Осындай физикалық, бастысы эмоциялық жүктемелерден денсаулығы нашарлап кетті. 1961 жылы, 46 жас кезінде, ол жазылмайтын бауыр обырымен ауру екіндігін білді.
Бірақ 47 жасында Пиаф қайтадан жақсы көріп қалды, осы кезге бұл 27 жасты грек болды. Эдит оған Сарапо деген бүркеме ат ойлап тапты. Сарапо онымен өлген күніне шейін болды. Ол Эдиттен 7 жыл көп өмір сүрді.
1963 жылы 10 қазан күні Эдит өмірден кетті. Әншінің денесі Граса қаласынан Парижге 11 қазан күні әкелінді. Сол күні Эдиттің өлімі туралы жарияланды. 1963 жылы 11 қазан дүниеден Жан Кокто кетті.
Әншінің жерлеуі Пер-Лашез зиратынды болды. Оған 40 мыңнан астам адам жиналды, көбісі жасын жасырмады. Гүлдердің көп болғаны сонша, адамдар олардың үстімен жүруге мәжбүр болды.
Тарихи зерде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Эддит Пиафқа арналған ескеркіш Париж қаласында Пиаф алаңында тұрғызылған.
- Соңғы жылдарында Эдит өзінің өмір баяны туралы кітап жазды.
- Қырым астрономы Людмила Карачкина 21 қазан 1982 жылы ашылған астероидтің атын Piaf деп қойды.
Фильмдер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1936 — / La garçonne
- 1941 — Сенадағы Монмартр / Montmartre-sur-Seine
- 1945 — Жарықсыз жұлдыз / Etoile sans lumière
- 1947 — Тоғыз жігіт, бір жүрек / Neuf garçons, un coeur
- 1950 — Париж әрдайым ән айтады /Paris chante toujoursm'était conté
- 1954 — Француз канканы French cancan
- 1959 — Ертенгі күнгі көңілдестер / Les amants de demain
Кітаптар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Berteaut Simone Au bal de la chance / Robert Laffont. — 1965 (translation). — Paris: Penguin, 1958. memoirs, written by stepsister
- The Piaf Legend, by David Bret, Robson Books,1988.
- Piaf: A Passionate Life, by David Bret, Robson Books, 1998, revised JR Books, 2007
- Marlene, My Friend, by David Bret, Robson Books, 1993. Dietrich dedicates a whole chapter to her friendship with Piaf.