Халеда Зия Бегум

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Халеда Зия Бегум
খালেদা জিয়া
Халеда Зия Бегум
Лауазымы
Ту
Ту
12-Бангладеш премьер-министрі
10 қазан 2001 — 26 қараша 2006
Ізашары Латифур Рахман
Ізбасары Яджуддин Ахмед
Өмірбаяны
Діні ислам
Дүниеге келуі 15 тамыз 1945 (1945-08-15) (79 жас)

Халеда Зия Бегум(бенгалша খালেদা জিয়া; 1945 ж. тамыздың 15-інде), - Баңладеш премьер-министрі (1991 - 1996; 2001 - 2006 жж.), ұлтшылдар партиясының жетекшісі.

Зия АҚШ президенті Билл Клинтонмен
Зия Бразилия президенті Лула да Силвамен.

Баңладештің солтүстік-батыс бөлігінде Динаджпур деген жерінде кәсіпкердің отбасында дүниеге келген. 1960 жылы генерал Зияур Рахманға тұрмысқа шықты. Кейін Зияур Рахман Баңладештің президенті болып кетті және Баңладеш Ұлтшыл партиясын ұйымдастырды. Зияур Рахманды 1981 жылында өлтірді. 1983 жылы Халеда Зия Бегум күйеуі негізін қалаған партиясын жетекшісі болып кетті. "Авами лиг" партиясымен бірге, Хуссейн Мұхаммед Эршадқа қарсы күрескен.

1991 жылында сайлауында жеңіп, Баңладештің премьер-министрі болып кетті. Үндістанмен қарым-қатынастарын бұзып, Ганг суының бөліну мәселесін туғызды. Керісінше, Пәкістанмен қарым-қатынастарын жақсартты. Білім беру саласына көбірек қаржыны беріп, міндетті бастауыш білім алу туралы заң қабылданып, қыздарға арналған 10-сынып мектептерін ашылуына үлес қосты. Эршадтың диктатурасынан кейін демократиялық өзгерістерін өткізді.

1996 жылында "Авами лиг" партиясына жеңіліп, орнынан кетті. 1999 жылында "Авами лиг" құрастырған үкіметіне қарсы саяси ереуілін ұйымдастырды. 2001 жылы өткен сайлауында жеңіп, қайтадын премьер-министр болып кетті.