Капитуляция
Капитуляция[1] (лат. capіtulatіo, лат. capіtulo – «келісім жасаймын», «тарауларға бөлемін», лат. capіtulum – «тарау», «бөлім», «баб») — құқық теңсіздігімен сипатталатын келісімшарттардың ерекше түрі. Онда жеңілген мемлекет азаматтарына қарағанда шетелдіктер үшін артықшылығы бар режим шарттары тіркеледі. Капитуляция мазмұны келісуші жақтардың күштерінің арасалмағымен анықталады. Соғыс қимылдары нәтижесінде қарулы күштердің немесе олардың бөлімдерінің ұрыс аймағы мен аудандарында, қамалдарында, бекіністі немесе елді мекендерде, теңізде және теңіз базаларында, т.б. жерлерде жеңуші жақ шарттарына мойынсұнып, немесе екі жақ қолбасшыларының өзара келісуіне сәйкес қарсылығын тоқтатып, тізе бүгуі де “Капитуляция” деп аталады. Капитуляция кезінде, халықаралық құқыққа сәйкес, соғысушы жақтың барлық қару-жарақ, соғыс кемелері мен ұшақтары, қамалдар мен бекіністі мекендері, соғыс жабдықтары жеңімпаздың қолына өтіп, әскер күші тұтқынға алынады. К., әдетте, сөзсіз тізе бүгу жөніндегі актіге қол қою арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, фашистік Германия 1945 жылы 8 мамырда, Жапония 1945 жылы 2 қыркүйекте сөзсіз капитуляция жөніндегі актіге қол қойды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |