Мазмұнға өту

Капиталдар нарығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Капиталдар нарығы - Капиталистік экономикалық қатынастардың дамуы капитал категориясын әрі қарай зерттеуді талап етті: жаңа концепциялар мен ой-пікір, тұжырымдардың пайда болуын тіледі. Жақтаушылары басым көпшілік капиталға берілетін екі негізгі анықтаманы қолдайды:

  • бірінші — капитал деген құрал-жабдықтар жиынтығы («заттық» концепция),
  • екінші — капитал деген ақша сомасы («монетарлық»).


Екі жақта капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады дейді. Осымен қатар «капиталдар нарығы» деген түсінік бар. Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объеьктісіне байланысты, осы түсінікке анықтаманың екі варианты болуы ықтимал.
Бірінші вариант. Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі: станоктар, машиналар, ғимараттар т.б. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады. Капиталдар нарығының негізгі субъектілеріне бизнес сферасы және хаусхолд сферасы жатады.
Факторлар нарығындағы капиталға сұраныс — бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Көрініс жағынан бұл фирманың инвестициялық жобаларына жұмсайтын қаржы құралдары болып табылады. Физикалық капиталдың фирма меншігіне айналуына, немесе, оның уақытша пайдалануға берілуіне байланысты, төлемдер екі түрге бөлінеді:

Капитал қызметтерін пайдалану құны капиталдың ренталық (прокаттық) бағалануы болып табылады. Бұл нарықтық котировка түрін, немесе, фирманың капиталдың бір бөлігін жалға алғаны үшін оның иесіне төлейтін сома түрін алады. Активтің бағасыкапитал бірлігінің қандай уақытта болмасын сату, немесе, сатып алу бағасы болып табылады.
Екінші вариант. Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдарының нарығының құрамды белігі болып табылады. Ақша нарығы мен капиталдар нарығы қарыз капиталының туындысы, екіншілік нарықтар болып табылады. Осылардың әрқайсысының өз инструментары, яғни айналыста болатын нақты қаржы бағалылықтары болады. Осылардың бір-бірінен айырмашылықтары бар және олар төмендегі жағдайлармен байланыста болады:

  • статусымен (акция, немесе облигация);
  • меншіктің типімен (жеке, немесе, мемлекеттік);
  • іс-өрекет ету мерзімімен;
  • өтімділік дәрежесімен;
  • қауіп-қатер сипатымен (банкроттық, немесе нарықтық) және қауіп-қатер дәрежесімен (қатерлі, аз қатерлі, қатерсіз).

Мысалы, АҚШ-тың капиталдар нарығының инструментариіне жататындар:

  • АҚШ федералдық өкіметінің ұзақ мерзімді саясатын қаржыландыруға тағайындалған казначейлік облигациялар;
  • қаржы жүйесі арқылы әлеуметтік бағдарламалардың типтерін қаржыландыру үшін үкіметтің ерекше рұқсатымен эмитентілген (шығарылған) мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары;
  • жергілікті үкімет органдары шығаратын мунидипалдық облигациялар;
  • жекеменшіктік фирмалар эмитентеген корпорациялардың акциялары мен облигациялары.

Жеткізушілер мен тұтынушылардың бір-біріне өрекеті көп. Бұлардың байланыстары қаржы жүйесі, коммерциялық банктер, инвестициялық қорлар, брокерлік кеңселер т.б. арқылы жүріп отырады. Олар үй шаруашылықтарының шамалы жинақтарын қаржы құралдардың кеп сомаларына айналдырады және оны капиталды түтынушылар арасында орналастырумен айналысады. Капиталды беру нысаны өр түрлі болуы мүмкін: тікелей жаңадан шығарылған акцияларды жазылғандар арасында тарату түрінде, немесе, заемдық қарыз, корпорациялардың облигациясын сатып алу түрінде және фирмаларға тікелей қарыз беру арқылы. Бұл процесте берілген қаржылар үшін төленетін процент өте маңызды рөл атқарады.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8