Мазмұнға өту

Винченцо Беллини

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Винченцо Сальваторе Кармело Франческо Беллини (итал. Vincenzo Salvatore Carmelo Francesco Bellini; 1801 жылдың 3 қарашасында Сицилия, Катанияда туылып, — 23 қыркүйек 1835 жылдың 23 қыркүйегінде, Парижге жақын Пюто жерінде қайтыс болған) — итальяндық композитор.

Музыканттар отбасында дүниеге келген. (әкесі — дирижёр, атасы — органист және композитор). Неаполитандық консерваторияда оқыған.

11 опера жазды, олардың ішінде жетістікке жеткендері «Капулетти и Монтекки» (итал. I Capuleti e i Montecchi), (1830, «Ла Фениче» (Teatro La Fenice), Венеция), «Сомнамбула» (1831, «Каркано» театры, Милан), «Пуритане» (1835, «Итальен театры», Париж).

Әлдеқайда маңызды шығармалардың бірі — «Норма» операсы (1831, «Ла Скала» театры, Милан).

Беллини операларының қойылымы көп кездері патриоттық демонстрациялармен бірге жүрді: Италиядағы ұлт-азаттық қозғалыстардың көбеюі жағдайында, көрушілер оның операларының өзекті саяси құрылымын байқады.

Беллини — итальяндық бельканто стилінің үлкен шебері. Оның музыкасының негізін ашық вокалдық музыка құрайды. Беллини шығармашылығы арқылы ұлы италиян әншілері өз өнерлерін дамыта бастады.

1835 жылдың 23 қыркүйегінде Парижде Беллини асқазанының қатты ауыруына байланысты қайтыс болды.

Алдымен Пер-Лашез зиратында жерленіп, кейін 1876 жылы композитордың орнын Сициялияға, Катания қаласының қасиетті Агата кафедральді соборына ауыстырды.

Винченцо Беллинидің шын тізіміне оның ұлы опералары енген, түрлі аудио және видео тасымалдағыштар арқылы. Кестеде оның басылған жылы, айы (егер белгілі болса), дирижёр, хор және оркестр, артисттер, дыбысжазу студиясы немесе шығарушы компания, тасымалдаушы түрі, шығарылған мемлекеті жазылады. «Примечание» бөлімінде толық мәліметтер жазылады. Мысалы: тірі дауыс, фестиваль, т.б.

Жазбалар операларға топтастырылып, топтың ішінде хронологиялық тізім бойынша орналастырылған.

Тізімде тек ресми толық басылымдар бар. Жазбаның бар болуын ақпараттар базасына бағыттайтын сұлба арқылы немесе басқа ресми қайнар көз арқылы дәлелдейді. Фильм-опералар, теле-және радио-трансляцялар, басқа адамдардың жазбалары, сонымен қатар операдағы фрагменттер жазбалары тізімге қосылмайды: • «Адельсон және Сальвини» («Adelson e Salvini»), 1825

• «Бьянка және Джернандо» («Bianca e Gernando»), 1826.

• «Бьянка және Фернандо» атауымен («Bianca e Fernando») 1828

• «Пират» («Il pirata»), 1827

• «Жатмемлекетті» («La straniera»), 1829

• «Заира» («Zaira»), 1829

• «Эрнани» (аяқталмаған), 1830

• «Капулетти және Монтекки» («I Capuleti e i Montecchi»), 1830

• «Сомнамбула» («La sonnambula»), 1831

• «Норма» («Norma»), 1831

• «Беатриче ди Тенда» («Beatrice di Tenda»), 1833

• «Пуритане» («I puritani»), 1835

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

• Беллини, Винченцо // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.

• Серов А., Беллини, его деятельность и значение, «Пантеон», 1854, вып. 5;

• Конен В., История зарубежной музыки, 2 изд., в. 3, М., 1965, с. 372-75;

• Pougin A., Bellini, sa vie et sesoeuvres, P., 1868;

• Pizzetti I., Vincenzo Bellini, 2 ed., Mil., 1936.

• Пастура Ф. Беллини. М., 1989.