IP-телефония
IP-телефония (немесе VoIp, ағылшынша Voice over ip; IP-телефония)- интернет желісі немесе басқа да IP желісі бойынша дыбыстық сигналды жіберетін байланыс жүйесі. IP телефония дәстүрлі телефония теруді, теруді және екі жақты дауыстық байланысты, сондай-ақ Интернет немесе кез келген басқа IP желілері арқылы бейне байланысты қамтамасыз ететін байланыс хаттамаларының, технологиялары мен әдістерінің жиынтығын білдіреді. Байланыс арнасы арқылы сигнал цифрлық түрде беріледі және әдетте, артық ақпаратты жою және деректерді беру желісіне жүктемені азайту үшін жіберу алдында түрлендіріледі (сығымдалады).
Функционалдығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]VoIP технологиясы PSTN технологиясы бойынша қиынға және қымбатқа түсетін есептер мен шешімдерді жүзеге асырады. Мысалы: Жоғары жылдамдықты телефон байланысы арқылы бірден көп телефон қонырауларын жіберу. Сондықтан VoIP технологиясы үйде немесе офистегі телефон желісін қосудың қарапайым әдісі ретінде қолданылады.
Қасиеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Конференция
- Қоңырау шалуды қайта адрестеу
- Автоматты түрде нөмірді қайта теру
- Қоңырау шалушының нөмірін анықтау
- Дәстүрлі телекоммуникациялық компанияларға қарағанда ақысыз беріледі.
- Стандартталған протоколмен қорғалған қоңырау шалулар (мысалы SRTP) . Қорғалған телефон шалулар мәселесінде туындаған қиындықтар, мысалға сигналды цифрлендіру VoIp – де шешілген. Қолданылатын протоколда тек сигналды шифрлеуді және оны идентификациялауды орындау керек.
- Орналасу жеріне тәуелсіздігі. Voip провайдеріне қосылу үшін тек Интернет байланысы керек. Мысалға, қоңырау шалу орталығының операторлары VopIp көмегімен тұрақты интернет желісі арқылы кез келген офистен жұмыс істей алады.
- Басқа адамдармен интернет арқылы интеграция сонымен қоса видео-қоңырау шалу, сөйлесу кезінде мәліметтер және хабарламалармен алмасу, аудио конференциялар, адрестік кітапшаны басқару және де басқа абоненттерге қоңырау шалу туралы мәліметтер алу мүмкіндігі бар.
Қосымша телефон қасиеттері, соның ішінде қоңырау шалуды маршрутизациялау , ағып шығатын терезелер, алтернативті CSM роуминг және IVR – оңай және арзан кіріктіру мен инеграциялау. Телефон қоңырауы дербес компьютермен бір жерде орналасу фактісі көптеген мүмкіндіктерге жол ашады.
Қосымша мәлімет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Кез келген мемлекеттен тікелей абонент номерін қосу.
- Мобильді номерлердің үйлесімдігі
- Мобильді номерлердің үйлесімдігі IP телефонияға өз ықпалын тигізеді, басқаша айтқанда VoIP-дің комерциялық қолданылуына. VoIP каналы бойынша келген телефон қоңырауы дәстүрлі мобильді оператордың мобильді телефонына маршрутизацияланады сонымен қоса анықталған пунктіге жету мақсаты бар, яғни қоңырау мобильді телефон портына жету тиіс. Мобильді номерлердің үйлесімдігі бұл тұтынушыларына бір телефон оперторынан келесі телефон операторына көшкенде телефон номерін сақтауға мүмкіндік беретін сервис.
- Шұғыл шақылуларға телефон шалу (жедел жәрдем, өрт сөндіру)
IP телефонияның қасиеттеріне байланысты, тұтынушының орналасқан жерін табу қиынға соғады. Шұғыл шақыру қоңырауларын жақын жердегі қоңыруалар қабылдау орталығы маршрутизациялау оңай емес. Дегенмен Voip кейбірде шұғыл желі ішіндегі қоңырауларды шұғыл емес қоңырау шалулар желілерііне маршрутизацизация жасай алады. Дыбыстық информацияны кодтау Вокодер қосымша 15-45 мс үзілістерді келесі себептер арқылы туғызады: Сигналды жинақтау және келешектегі отчеттарды жүргізу үшін буферді қолдану. Дыбыстық сигналдармен орындалатын математикалық түрлендірулер процессорлық уақытты талап етеді. Түрлі тәжірибелерде жүргізілген дыбыстық деректерді Интернет арқылы жіберу сапасының кеміуіне әкеп соғытын келесі факторлар бар: Дыбыстық сигналдарды жіберу интервалының асып кетуінен желі арқылы жіберілген пакеттердің жоғалуы. Маршрутизацияның минималды бағасының жүйесі(LCR). Voip-ді маршрутизацияның минималды бағасының жүйесі деп санайды, оның желі ішінде орналасу негізінде минималды траификация мүмкіндік береді. GSM- номерлерімен үйлесімдігі шартында, қазір ол кең тараған, LCR маршрутизацияның минималды бағасының жүйесі провайдерлері қонырауды қайта бағыттау үшін номердін перификсін қолдануына сүйене алмайды,. Оның орнына мобильді оператордың әрбір қоңырауға оны маршрутизациялау үшін желі атауы керек. Содан шығатыны, Voip дыбыстық қоңырауды маршрутизациялаған кезде MNP мобильді номерлерімен үйлесімдігі үшін керек. Орталық базалары жоқ елдерде, Мысалға UK, кейбірде GSM- желіге мобилді телефон қандай желіге жататыны туралы сұрау жіберу керек болады, Voip-дің нарықта кең тарауы Маршрутизацияның минималды бағасының жүйесіның қолдануына байланысты , телефон шалудың белгілі бір тиімділік деңгейі керек. Мобилді нөмірлердің үлесімдігі ұсыныс сапасы қойылатын талаптаға тең келетінін кепілдендіру үшін. Мобилдьді нөмірлердің үйлесімдігінің тексеруін жүргізген кезде, маршрутизация алдында және қоңырау белгіленген жеріне жететініне VoIp компаниялар IP-телефония провайдерін табатынына клиенттеріне кепіл береді. Компания оператор, интернет пейджер қызметін ұсынатын,Tyntec, UK-да тіркелген, Voice Network Query (дыбыстық хаттарды жіберетін жүйе) қызметін ұсынады, бұл қызмет GSM-желіге орын ауыстырған нөмірге жергілікті желіні табу жөніндегі сұрауларды дәстүрлі дыбыстық байланыс операторларына және де VoIP операторларына да жіберуге мүмкіндік береді.
Кодектер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ашық: GSM G.771 G.722 G.726 Speex iLBC G.729 G.729A G.723 G723.1
VoIP кодектерін салыстыру.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кодек Пакеттің пайдалы жүктелуі, байт Деректерді жіберу жылдамдығы, кбит/сек Алгоритмдық кідіріс Орындалатын ағым IP-пакеттер Ethernet-фреймдері G.711 160 64 20 64,8 80 G.723.1(6.3) 24 6,3 37,5 6,9 17,1 G.723.1(5.3) 20 5,3 37,5 5,9 16 G.726-32 160 32 20 32,8 42,7 G.726-24 160 24 20 24,8 34,7 G.726-16 160 16 20 16,8 26,7 G.729(8) 20 8 25 8,8 18,7 G.729(6,4) 16 6,4 25 7,2 17,1
Хаттамалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хаттамалар IP-дің серверде немесе провайдер гейткиперінде тіркеуді, қоңарау шалу немесе қоңырауды қайта бағыттау, видео немесе дыбыстық байланысты орнатуды, абонент атын немесе нөмірін жіберуді қамтамасыз етеді. Қазірге кезде келесі VoIP протоколдары кездеседі: SIP- дауыстың, бейненің, хабарламаның тасмалдануын қамтамсыз етеді, синхронизациялау үшін 5060 UDP портын қолданады. H.323-SIP-ке қарағанда дәстүрлі телефонияға басым. Сигнализация 1720 TCP порты бойынша және гейткипердегі терминалдарға тіркелу үшін 1719 порта қолданылады. IAX2-4569 UDP порты арқылы сигнализация мен медиа трафик MGCP- медиашлюзді басқаратын протокол. MEGACO/ медиашлюзді басқаратын протокол. MGCP-дің дамыған түрі. SIGTRAN- SS7/OKC7 сигнализациясын IP арқылы бағдарламалық коммутаторға PSTN туннелдеу. SCTP- Ip желіде пакетті міндетті түрде адресатына жеткізу протоколы. SCCP- терминалды басқаруға арналған жабық протокол. Unistim- Сигналдық трафикті жіберудің жабық протоколы.
Дыбыстық информацияны декодтау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қосылу қауіпсіздігі VoIP-тұтынушылардың көпшілігі криптографиялық шифрлеуді қолдамайды,бірақ қауіпсіз телефон байланысын дәстүрлі телефон желілеріне қарағанда VoIP да іске асыру әлдеқайда жеңіл. Соның салдарынан қоңырау шалуды заңсыз тыңдауды ұйымдастыру жеңілге түседі және оны өзгертуге де болады. Егер тұтынушы қорғалған виртуалды желі ішінде орналаспаса VLAN (VPN) желілік пакеттер анализаторы арқылы заңсыз кіретіндер, VoIP қоңырауларын қайта ұстап алуы мүмкін. Бұл қауіпсіздіктің кемшілігі тұтынушының телефонының шабуыланан кейін дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін. Құрылғылардың жұмыс істемеуінен бүкіл желі күйреуі мүмкін. Желінің 100% қорғалуы деген ұғым жоқ. VoIP протоколын енгізу жүйеге санкциясыз қатынауды тек күрделендіре алады. Виртуалды желіге қатынауды шектеу, дыбыстық деректер мен өзінің желісін тұтынушылардын жасыру арқылы тұтынушылар өз желісін қауіпсіздендіре алады. Егер тұтынушы қауіпсіз және дұрыс конфигурацияланғын желі арасындағы интерфейс-шлюз арқылы, басқрулы қатынауы бар, онда ол көптеген хакерлік шабуылдардан өзін сақтауы мумкін.VoIP трафигінің анализін жасайтын бірнеше ашық кодты ресурстар бар. Қауіпсіздік деңгейінің төменділігі патенттік аудиокодектермен көрсетіледі, ашық кодты ресурстарда табылмайтын, бірақ бұл тиімді емес. Информацияны қайта ұстау қиын болуы үшін кейбір вендорлар осындай сығуларды қолданады. Бірақ ңағыз қауіпсіздік желіде криптографиялық шифрлеу мен криптографиялық аутентификацияны талап етеді, бірақ ол кең әзірше таралмаған. Қоңырау шалушының идентификаторын анықтау. CallerId анықтау қызметі әртүрлі провайдерлерде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ VoIP провайдерлердің көпшілігі қоңырау шалушының идентификаторын анықтау callerId шығып жатқан қоңыраулар атына бағытталған қызметін ұсынады. Қоңырау VoIp провайдерден жергілікті желінің нөміріне бағытталғанда CallerID қызметі жұмыс істемейді.
Мобильді VoIP
[өңдеу | қайнарын өңдеу]VoIP-тің мобильді қызметтері жоғарыда көрсетілген қызметтерден сәл өзгеше. Телефон қоңырауларын үйде жылдамдығы жоғары жылдамдықты қосылым арқылы бағыттаудың орнына, қоңыраулар ұялы байланыс желісінде берілген кеңжолақты байланыс арқылы бағытталады.
Сізге тек ұялы телефон немесе жоғары жылдамдықты Интернет байланысы бар басқа ұялы телефон (4G) қажет.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|