Судан құмайы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Судан құмайы

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Poales
Тұқымдасы: Poaceae
Кіші тұқымдасы: Panicoideae
Тайпасы: Andropogoneae
Тегі: Sorghum
Түрі: S. × drummondii
Екі-есімді атауы
Sorghum × drummondi
(Nees ex. Steud.) Millsp. & Chase
Синонимдері
  • Andropogon × drummondii Nees ex Steud.
  • Andropogon × sudanensis (Piper) Leppan & Bosman
  • Holcus × sudanensis (Piper) L.H.Bailey
  • Sorghum × sudanense (Piper) Stapf

Судан құмайы , Судан шөбі (лат. Sorghum × drummondii) – астық тұқымдасының құмай туысына жататын бір жылдық өсімдік.

Сабағы тік, жұмыр, биікт. 50 – 90 см, жуанд. 3 – 13 см, ашық жасыл түсті. Жақсы түптенеді, сабақтары тік өсетін сорттары өнімді және оруға қолайлы. Жапырағының ұз. 45 – 70 см, ені 2 – 4,5 см. Гүл шоғыры – көп масақты, шашыраңқы сыпыртқы, сыпыртқысының әр тармағының ұшында 1 тұқымды, 2 тұқымсыз масағы болады. Тұқымы сары, сұрғылт, қызыл не қара сопақша дәнек. Судан шөбінің шыққан жері Судан мемлекеті. Оны пішен, сүрлем, көк балауса дайындау және дән алу үшін өсіреді. Сонымен қатар құнарлы мал азығы, мал таптап кеткеннен кейін де тез қалпына келіп, бір айдың ішінде қайтадан жайылым ретінде пайдалануға жарайды. Құнарлылығы жағынан бұршақ тұқымдасынан ғана аса алмайды. Көк шөбінде 12,3% протеин, 2,4% май бар, ал пішеніндегі осы көрсеткіштер 12,5 және 2,8%-ға тең. Судан шөбінің 100 кг көк балаусасында 17, пішенінде 52, сүрлемінде 228 мал азықтық өлшем бар. Оның әр га-нан 100 – 120 ц-ге дейін пішен, 250 – 350 ц көк балауса, 8 – 14 ц-ге дейін тұқым алуға болады. Судан шөбі – жылу сүйгіш өсімдік, дәні тұқым сіңірілген тереңдіктегі топырақ қыртысы 7 – 9С-қа қызған кезде өніп-өсе бастайды. Көктеп шығуы үшін қолайлы темп-ра 20 – 30С, 3 – 4С-та көктеп шыққан жас өскіні зақымданып, өліп қалуы мүмкін. Құрғақшылыққа төзімді, бірақ суармалы жерлерде өнімді жақсы береді. Қара, қызыл қоңыр, сұр топырақтарда, су жайылмасында жақсы өссе, тым сілтілі, сортаң, батпақтанған және тығыз топырақтарда өспейді. Қазақстанда Атырау мен Қызылорда облыстарынан басқа облыстардың барлығында өсіріледі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы 8 том