Ластану
Ластану — адамға және табиғи экожүйеге кері әсерін беретін, физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға залал келтіруі.
Ластанудың салдарынан зиянды және улы заттардың мөлшері көбейіп, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. Тіршілік ортасы мен орнына қарай: ғарыштық, атмосфералық, гидросфералық, т.б.; ерекшеліктеріне қарай:
- физикалық (электрмагнитті, радиоактивті, сәулелі, жарықты, жылулы)
- химиялық (мұнай, ауыр металдар және олардың тұздары мен тотықтары)
- биологиялық (микробты, бактериялық, вирусты)
- механикалық ластану (агенттердің өз арасындағы ластану, мысалы, қоқыс) болып бөлінеді.
Ластану көздеріне қарай:
- өндірістік
- көліктік
- ауыл шаруашылық
- тұрмыстық, т.б. болып ерекшеленеді.
атмосфералық ауа, су, топырақ- қоршаған ортада көп ластанады. Ауаны негізінен: жылу электростанциялары, түсті және қара металлургия өнеркәсіптері, зауыттар, ал ауылды жерлерде ауа мен топырақты, көбінесе, мал және құс өсіретін шаруашылықтар, ет және сүт өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ, егістік жерлерге қолданылатын улы химикаттар, пестицидтер және минералды тыңайтқыштар ластайды.
Автокөліктер- Ірі қалаларда негізгі ластану көзі болып табылады, себебі олар шығарған газдардың құрамында көп мөлшерде зиянды заттар (көміртек және азоттың тотықтары, көмірсутектер, қорғасынның токсиндік байланыстары, канцерогенді заттар, т.б.) кездеседі. Мысалы, бір жеңіл автокөлік ауаға сағатына шамамен 6 — 10 м2 улы газ бөліп шығарады. Қоршаған ортаның ластану дәрежесі әр түрлі қалыптар (стандарттармен) мен нормативті көрсеткіштер арқылы бақыланады.[1]
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Pollution |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |