Хлоргексидин
Хлоргексидин — антисептик және зарарсыздандырғыш препарат.
Фармакологиялық қасиеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Препарат грамтеріс және грамоң бактериялардың вегетатиті түріне, сондай-ақ ашытқы, дерматиттер мен липофильдік вирустарға қатысты белсенді, бактерияның қастауышына температура жоғарылаған кезде әсер етеді. Теріге зақым келтірмей тазартады және зарарсыздандырады.
Қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Венерологиялық аурулардың (сифилис, соз, трихомоноз, хламидиоз, ұшық) алдын алу үшін. Сондай-ақ антисептикалық дәрі ретінде гинекологияда және акушерлікте қолданылады.
Қолдау тәсілі және дозалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хлоргексидин алдын алу дәрісі ретінде несеп шығарғаннан кейін және гениталийді сабынсыз жылы сумен өңдеуден кейін қолдану керек. Құты ішіндегісін инесіз еккіштің көмегімен еркектерге (2-3 мл), әйелдерге (1-2) несеп шығару өзегіне және қынапқа 2-3 минутқа енгізу керек. Сондай-ақ балтыр, қасаға, жыныс мүшелерінің ішкі беткейлерінің терісін өңдеу керек. Емшарадан кейін 2 сағаттай нәжіс шығармау керек. Алдын алу дәрісін жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кешіктірмей қолдану керек.
Жағымсыз әсерлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аллергиялық реакциялар, терінің құрғауы, қышыма, дерматит, қол терісінің жұмсаруы, фотосенсибилизация.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хлоргексидинге жоғары сезімталдықта, дерматиттер. Сақтықпен балаларға, жүктілікте, лактация кезеңінде.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Байтарап ортада қолданылады: pH 5-8 кезінде белсенділігіндегі айырмашылық айтарлықтай емес, pH 8-ден артық кезде шөгінді отырады. Йод препараттарымен бір мезгілде қолданған кезде дерматиттер дамуы мүмкін. Фармацевтикалық тұрғыдан сабынмен, сілтілермен сыйымсыз. Этанол препараттың тиімділігін күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Коньюктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын шаю, тереңдеген жараларды, күюлерді өңдеу үшін хлоргексидин ерітінділерін пайдаланбау керек. Байқаусызда көз шырышы қабатына түскен жағдайда жалдам және сумен мұқият шаю керек. Бактерицидтік әсері температураның жоғарылауымен күшейеді. 100°С-ден жоғары температурада препарат ішінара ыдырайды. Артық мөлшерлеу анықталмаған.