Кептерлер
Кептерлер лат. Columba | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Өзге түрі | ||||||||||||
33–35 species | ||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||
Aplopelia Bonaparte, 1855 (but see text) |
Кептерлер (лат: Columbae) немесе көгершін — құстардың бір отряды. Қазақша дұрыс атауы — көгершін, ал кептер дегені парсы тілінен кірген атау. Көгершін ірілігіне қарай: мәстек кептер және тәжілі кептер болып екіге бөлінеді. Кептерлер отрядының 2 тұқымдасы бар, оның біріншісі — дронттар; екіншісі — кептерліктер.
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кептерліктердің мынадай туыстары және түрлері бар:
- тәжілі кептер
- асыранды кептер
- сүрек кептер
- тістұмсық кептер
- орман кептері (Columba)
- тас кептер
- кап кептері (Daption capensis)
- кезеген кептер
- көк кептер (Columba livia) — осы кездегі асыранды кептерлердің ататегі. Мұның түр-тармақтары өте көп, көптеген жерлерде кездеседі.
Дене сипаттамалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көгершіндер мен кептерлер – қысқа мойынды, басы мен тұмсығы кішкентай, орташа мығым денелі құстар. Олардың ұзындықтары 15 см-ден 76 см-ге, ал салмақтары 0,5 кг-нан 2 кг-ға дейін жетеді.
Қоректері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кейбір кептерлер тек жемістермен қоректенеді, алайда кейбіреулері тек дәнді дақылдармен қоректенеді. Кей түрлері жәндіктермен, кішкентай омыртқалылармен және омыртқасыздармен қоректенеді.
Мекен ететін орталары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көгершіндер мен кептерлер шөлдер мен қалың ормандардан бастап, қалалық жерлерге дейінгі әр түрлі жерлерді мекендейді. Олар Антарктида мен Арктикадан басқа әлемнің барлық жерінде кездеседі. Бұлардың көбі ағаштарда, кейбіреулері жерде тіршілік етеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |