Консерватизм
Консерватизм (фр. соnservatisme, лат. conservo - сақтаймын, қорғаймын) - саяси және әлеуметтік философиялық ұстаным ретінде дәстүрлі әлеуметтік институттардың сақталуын қолдайды. Бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизм ұғымын алғаш рет саяси мағынада Франсуа Рене де Шатобриан пайдаланған.[1] Консерватизм жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді. Доктрина және идеология ретінде консерватизм өздерін консервативті деп атайтын партиялардың іс-әрекеттерінің бағыттарымен сәйкес келе бермейді. Термин әдетте оңщыл топтарды сипаттауда пайдаланылады. Консервативті саясатты анықтауда универсалды қағидалары жоқ. Себебі консервативтіліктің негізі болатын дәстүрлер жергілікті жағдай мен уақытқа тәуелді болады. Соған байланысты әлемнің әртүрлі түкпірінен шыққан консерваторлар бір мәселе бойынша ортақ пікірде болмауы мүмкін. 18 ғасырда өмір сүрген Эдмунд Берк Ұлыбритания консерватизмінің негізгі ойшылдарының бірі болған.[2]
Консерватизмнің дамуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Батыс консерватизмі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Консервативті ойлау әдетте әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа жауап болыл табылады. Оның алғышарты ежелгі дүниеден бастау алады. Консерватизм идеологиясы француз ағартушылығы мен 1789 жылғы Француз төңкерісінің идеялық ұстанымдарына жауап ретінде пайда болды. Консерватизм стерильді идеология емес, өйткені оның құрамында басқа доктриналардың элементтері бар. Консервативті идеологияның негізін қалаушы принциптер дәстүрлік, саяси реализм және скептицизм, абстрактылы теорияларды сынау, прагматизм және жағдайға ыңғайлану (оппортунизм). 1940-1960 жылы неоконсерватизм ағымы пайда болып, нығайды. Неоконсерватизмнің көрнекті өкілдері М. Новак, Г. Розмозер, Г.К.Кальтенбруннер және т.б. Неоконсерваторлар заңның орындалуын және азаматтар құқының қорғалуын қатаң қадағалайтын күшті мемлекет үшін, әлеуметтік теңсіздік қағидатынан еркіндік принципінің үстем тұруы үшін, табиғи әлеуметтік иерархия арқылы және әркімнің қоғам алдындағы, өзінің алдындағы өз міндетін саналы түрде орындауынан орнығатын қоғамдық тәртіп үшін күреседі. Неоконсерватизмнің қазіргі түрлері жаһанданудың шынайы саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени процестерін ұлттық идеологиялар түрінде көрсетеді. Жаһандану үрдістеріне байланысты өзгерістерге консервативті реакция әртүрлі болуы мүмкін. Ол қазіргі қоғам үлгілерін барлық халықтар мен уақытқа әділетті деп қарайтын көзқарасқа сүйенетін ашық оппозиция. Дәстүрлі қоғамдық құрылымды қалпына келтіруге шақыру. Консерваторлардың "еуропеизация", "атлантизация", "еуро-азиатизация" және басқаларды қатаң сынға алуы осыған байланысты.
Консерватизм түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Либералды консерватизм
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Либералды консерватизм консервативті құндылықтар мен дәстүрлі либералды ұстанымдардың жиынтығынан тұрады.[3] Либералды консерватизм әртүрлі елдерді және заманына байланысты түрлі мағыналарға ие болуы мүмкін. Себебі, оның құраушы бөлігі болып келетін құндылықтар мен ұстанымдарға әр қоғам өзіндік мән салады. Тарихи, либералды консерватизм ұғымы экономикалық либерализм (араласпаушылық принципі) мен консерватизмнің классикалық ұстанымдары: дәстүрдің сақталуы, үлкенді және діни құндылықтарды құрметтеу секілді негіздерге сүйенеді. Классикалық либерализм болса жеке адамның экономикалық бостандықтарынан басқа әлеуметтік саладағы бостандықтарын та қолдайды.
Көп жылдар бойы консервативті идеология экономикалық либерализм аргументтерін өзіне сіңіріп келді. Сол себепті либералды консерватизм ұстанымдары консерватизмның негізгі ұстанымдарына айналды. Сонымен бірге, либералды экономикасы дәстүрлі болып есептелетін мемлекеттерде, АҚШ секілді, консерватизм ашық нарық ұстанымын қолдайды. АҚШ-тағы либералды консерватизм ұғымы классикалық либерализмнен экономикалық тәуелсіздікті ала отырып, консервативтік құндылықтарды қолдайды.
Консервативті либерализм
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Либертариандық консерватизм
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Фискалды консерватизм
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлттық және дәстүрлі консерватизм
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мәдени және әлеуметтік консерватизм
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Діни консерватизм
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Прогрессивті консерватизм
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жаңа консерватизм
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Психологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі;
- Кейбір саяси партиялардың ұстанған бағдарламалық бағыты. Консерватизм саяси идеология ретінде жаңа дәуірде пайда болды. Консерватизмнің алғашқы "идеологы" ағылшынның саяси қайраткері, философы және публицисі Эдмунд Берк (1729 — 1797) болды. "Консерватизм" терминін 1818 жылдан "Консерватор" журналын шығарып тұрған француз жазушысы Ф.Р. де Шатобриан (1768 — 1848) алғаш рет қолданған. Консерватизм идеология түрі немесе постиндустриалды қоғамның қазіргі кездегі тұжырымдамасы ретінде үш түрлі мағынада қолданылады:
- дәстүршілдік. Ол нарықтық экономикаға тән әлеуметтік құрылымдар мен моральдық дәстүрлердің сақталуына негізделеді. Көрнекті өкілдері: Э.Берк, Ж. де Местр, JI. де Бональд Дәстүршілдік XX ғасырдың 70 — 80 жылдары АҚШ-тағы "жаңа оңшылдардың" қозғалысында көрініс тапты;
- либертшілдік (неміс философы Алиберттің ілімін қолдаушылар). Олар индивидтің бостандығын шектемеуді уағыздады;
- жаңа консерватизм Олар адамның саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру, әлеуметтік қарым-қатынастарды демократияландыру идеяларын ұстанады. Қазіргі заманғы консерваторлық күштер мен ағымдар бірқалыпты консерваторлык ойлаудан бас тартып, өз идеологиясы мен практикалық саясатын бұқара халықтың мүдделері мен қажеттіліктеріне жақындастыруға үміттенуде. Саяси консерватизм — қоғамның қалыптасқан саяси іс-әрекетінің тенденциясына айналды. Саяси консерватизмді жақтаушылар өздері өмір сүріп отырған экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылысты сақтап тұруға мүдделі, әрі оның тұрақтылығына кепіл бола алатын сипаты мен ерекшеліктерін көрсетеді.[4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Jerry Z. Muller Conservatism: An Anthology of Social and Political Thought from David Hume to the Present — Princeton U.P., 1997. — P. 26. — ISBN 0691037116.
- ↑ Frank O'Gorman Edmund Burke: His Political Philosophy — Routledge, 2003. — P. 171. — ISBN 9780415326841.
- ↑ Analyzing Politics: An Introduction to Political Science Ellen Grigsby, Cengage Learning, 2008 ISBN 978-0-495-50112-1, ISBN 978-0-495-50112-1 pp. 108, 109, 112, 347
- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Қосымша оқуға
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Blee, Kathleen M., and Sandra McGee Deutsch, eds. Women of the Right: Comparisons and Interplay Across Borders (Penn State University Press; 2012) 312 pages; scholarly essays giving a global perspective on women in right-wing politics. (ағылш.)
- Theodore Dalrymple. Our Culture, What's Left of It: the Mandarins and the masses /, 2005 (ағылш.)
- Blinkhorn, Martin. Fascists and conservatives : the radical right and the establishment in twentieth-century Europe / 1990 (ағылш.)
- Crunden, Robert Crunden. The Superfluous Men: Critics of American Culture, 1900–1945 1999 (ағылш.)
- Fryer., Russell G. Recent conservative political thought : American perspectives 1979 (ағылш.)
- The Conservative Movement / Paul E. Gottfried., 1993 (ағылш.)
- The British Right : Conservative and right wing politics in Britain / Neill Nugent., 1977 (ағылш.)
- America alone: the neo-conservatives and the global order / Stefan A. Halper., 2004 (ағылш.)
- Conservatism / Ted Honderich. (ағылш.)
- The Conservative Mind / Russell Kirk., 2001 (ағылш.)
- The Politics of Prudence / Russell Kirk., 1993 (ағылш.)
- The Politics of American Foreign Policy: How Ideology Divides Liberals and Conservatives over Foreign Affairs / Peter Hays Gries, 2014 (Stanford University Press) (ағылш.)
- The conservative press in twentieth-century America / Ronald Lora., 1999 (ағылш.)
- From the New Deal to the New Right: race and the southern origins of modern conservatism / Joseph E. Lowndes., 2008 (ағылш.)
- Conservatism / Jerry Z. Muller. (ағылш.)
- Right-wing women: from conservatives to extremists around the world / P. Bacchetta., 2002 (ағылш.)
- Unmaking law: the Conservative campaign to roll back the common law / Jay M. Feinman., 2004 (ағылш.)
- Radicals or conservatives?: the contemporary American right / James McEvoy., 1971 (ағылш.)
- Conservatism: Dream and Reality / Robert Nisbet., 2001 (ағылш.)
- Ought the Neo-Cons be Considered Conservatives?: a philosophical response / AQ: Journal of Contemporary Analysis. 75(6):32–33/40. 2003 (ағылш.)
- Conservatism / Noel O'Sullivan. (ағылш.)
- The new racism : conservatives and the ideology of the tribe / Martin Barker., 1982 (ағылш.)
- A time for choosing: the rise of modern American conservatism / Jonathan M. Schoenwald., 2001 (ағылш.)
- The Meaning of Conservatism / Roger Scruton. (ағылш.)
- Facing fascism: the conservative party and the European dictators, 1935–1940 / N. J. Crowson., 1997 (ағылш.)
- The End of Politics: triangulation, realignment and the battle for the center ground / Alexander Lee and Timothy Stanley., 2006 (ағылш.)
Онлайн қорлар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|