Белиз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Координаттар: 17°15′00″ с. е. 88°45′00″ б. б. / 17.25000° с. е. 88.75000° б. б. / 17.25000; -88.75000 (G) (O) (Я)
Белиз Республикасы
ағылш. Belize
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Sub umbra floreo»
«Көлеңкеде мен өркендеймін»
Әнұран: «Land of the Free»
«Еркіннің жері»
(тыңдау )
Тарихы
Тәуелсіздік күні 21 қыркүйек 1981 жыл (Британ империясынан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі ағылшын тілі
Елорда Бельмопан
Ірі қаласы Белиз
Үкімет түрі Унитарлы парламенттік конституциялық монархия
Патшасы
Генерал-губернаторы
Премьер-министрі
III Чарльз
Фройла Тзалам
Джонни Брисеньо
Мемлекеттік діні зайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 146 орын
22 966 км²
0,8
Жұрты
• Сарап (2019)
• Санақ (2010)
Тығыздығы

398 050[1] адам
324 528[2] адам
17,2 адам/км² (213)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

3,343 млрд.[3] $
8,590[3] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

1,912 млрд.[3] $
4,906[3] $
АДИ (2017) 0,708[4] (жоғары) (106)
Валютасы Белиз доллары (BZD, код 84)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .bz
ISO коды BZ
ХОК коды BIZ
Телефон коды ++501
Уақыт белдеулері UTC−6:00

Белиз (ағылш. Belize [bɛˈliːz]) — Орталық Америкадағы мемлекет. 1973 жылға дейін Британдық Гондурас деп аталып еді. Солтүстікте Мексикамен, батыста Гватемаламен шектеседі. Белиздің шығысын Кариб теңізі шаяды. Елдің аумағы — 22 966 км², халық саны — 308 мың адам (2009).

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Елдің көп бөлігін шалғындары мен көлдері бар ойпат алып. Оңтүстігінде биіктігі 1122 м болатын Майя таулары орналасқан. Бұл аймақ Белиздің ең аз адамдар тұратын аумағы. Жер қыртысы аз зерттелген. Мұнай іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Белиздің климаты — тропикалық-пассатты. Орташа айлық температура 26°. Солтүстік-шығыс пассат көп жауын-шашын әкеледі. Оның мөлшері солтүстіктен оңтүстікке карай 1300-ден 3500-ге дейін өзгереді. Жауын-шашын маусымы мамырдан шілдеге дейін созылады, құрғақ маусым қаңтардан мамырға дейін болады. Кариб теңізінен келетін құйындар, тасқындар мен дауылдармен қосылып, елді өте көп шығынға ұшыратады.

Шамамен елдің жарты аумағы тропикалық ормандармен жабылған. Белиздің оңтүстік-батыс және солтүстік аумағында қау жапырақты және қылқанды ормандар көп өседі. Жағалауы мангр өскіндерімен көмкерілген.Ормандар махагони мен қарағай секілді шаруашылыққа пайдалы, қымбат ағаштарға бай.

Жануарлар әлемі әр-алуандығымен көзге түседі. Онда жалпақ тұмсықты маймыл, ягуар, сауытты аңдар мен үлкен игуандар және т.б жануарлар өмір сүреді. Құстар өте көп, олардың арасында тоты құстар мен колибрилер бар. Теңіз шаянтектестер мен балықтарға, тасбақаларға толы.

Этимологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Белиз атауының шығу тегі туралы анық мәліметтер жоқ. Бір болжам бойынша шығу тегі майя тілінің be’lix, аудамасы «көмескі су» дегенді білдіреді, сөзі болуы мүмкін. Ол Белиз өзендерімен байланыстырылады. Тағы бір болжам бойынша бұл атаудың шығу тегі конкистадорлар қате айтқан XVIII ғасырдағы қарақшы Питера Воллейнстің атымен баланысты. Конгодан келген африкандықтардың солай атауы да мүмкін, өйткені Анголада да Белиз бар.

Отаршылыққа дейінгі Белиз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ертеде Белиз жерінің барлығына дерлік бөлігін майя үндістері мекендеген. Ерте классикалық-майя өркениеті кезінде мұнда 400 мыңдай адам тұрған. Майя өркениеті IX ғасырларда өзінің шарықтау шегіне жеткен. Ал X ғасырда барлығына дерлік майя үндістері бұл аймақтан Юкатан (қазіргі Оңтүстік Мексика) түбегіне көшіп кеткен.

XVI ғасырда келген испандықтар Белиздің ішкі аудандарына кірмек болды, бірақ мұнда әлі де тұрып жатқан майялықтардың қарсылығына тап болып, райынан бас тартты. Испандықтар Орталық Американы (1509—1524 жылдары) басып алған соң Белиздің солтүстігін Жаңа Испанияға вице- корольдігіне, оңтүстігін Гватемала генерал-капитандығына қосқанымен, олар бұл аймақты игермеді. Сондықтан бұл жерге Англия килікті.

Испан колонистері келмес бұрын өмір сүрген майя тайпалары бұл аймақтарда жойылды немесе Гватемала мен қазіргі Белиз шекарасындағы таулы аймақтарға ығыстырылды. XVII ғасырдың соңына дейін мұнда колонистерге бағынбайтын Типу елді-мекені болды. Толығымен бұл аумақтағы майяларды бағындыру 1697 жылы ғана жүзеге асты.

Ең алғаш Белиз жағалауларына ағылшын және шотланд қарақшылары қоныстанып, испан кемелерін шабуылдайтын база құрып, теңіздегі испан кемелері мен Юкатана аймағына шабылдар жасап тұрды.

Отаршыл кезең

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ең бірінші ағылшын колониясы Белизде 1638 жылы пайда болды. XVII ғасырдың ортасында басқа да ағылшын қоныстары пайда бола бастады.Кейіннен олар кампештік ағаштарды кесіп, одан аққан сұйықтықтардан жүн бояйтын бояуларды дайындаумен айналысты. Оларда Еуропаға жіберіп отырды.

Негізгі қоныстанушыларды Ямайка аралынан келген колонистер құрады. Олар өздерімен бірге ормандарға және екпежерлерге арналған қара нәсілді құлдарды да әкелді. 1800 жылдың өзінде африкандықтар еуропалықтардан 4 есе көп болды. Сол кезде негізгі экспорт қызыл ағаш болып, сандал ағашы екінші орынға түсті (1950 жылға дейін).

XVIII ғасырда испандықтар Белизді ағылшындардан тазарту үшін шабуылдағанымен, олар үлкен қарсылыққа ұшырады. Осы кезде жергілікті басқарушы орган өз заңдарын құрумен қатар Англиядан тәуелсіздігін алмақ болды. Бұл уақытта елді өте көп ормандары мен жерлері бар бай колонистерден тұратын Халық жиналысы басқарды. Ең алғашқы мұндай жиналыс 1738 жылы болды.

1784 жылы британдық үкімет Белизде өзінің ең алғашқы өкілі — суперинтендантты орналасырды. Испания мен Британия арасында 1786 жылы Белиздің Испания қол астында болатындығы туралы конвенцияға қол қойылып, мұндағы тұрғындарға қамалдар салу мен қару ұстауға тиым салынып, бірақ шаруашылыққа рұқсат берілді. Келісім бойынша Британия өзінің Никарагуадағы Москито-бей колониясын жойып, 1787 жылы Белизге 2000 тұрғынды құлдарымен көшіріп әкелді. Бұған бағынғысы келмеген бай плантаторлар британдықтарға бағынғысы келмей, жартылай тәуелсіз болғысы келді.

1798 жылы Юкатан генерал-губернаторы Белизді басып алу үшін оған 2000 әскерден тұратын флот жіберді. Екі жарым сағатқа созылған шайқаста испандықтар жеңіліс тапты.

XIX ғасырда Ұлыбритания Белиздегі әкімшілік басқаруды күшейту үшін ондағы Халық жиналысынан құлдықты жоюды талап етті.1838 жылы құлдық жойылды.

1840 жылдан бастап ағылшындар бұл аймақты Британ Гондурасы деп атай бастады.колониясы екенін жариялап, вице-губернатор тағайындалды.

XIX ғасырда Британдық Гондурастағы тұрғындардың көп бөлігін креолдар мен гарифуналар, ағылшындар құрады. Одан кейін бұл жаққа метистер мен Гватемала, Мексикадан майя үндістері көшіп келді. Көптеген үндістер мұнда Юкатанда в 1847—1852 жылдары болған Касталар Соғысы кезінде қашып келді. Кейіннен Белизге ағылшындар арзан еңбек күші ретінде үндістерді, қытайларды және т.б азиялықтарды әкелді.

1930-ншы жылдардағы экономикалық дағдарыста колонияның шығаратын ағаштарына Еуропадан сұраныс болмай, экономикасы құлдырап кетті. Елде жұмыссыздық жайлап, оған 1931 жылы болған құйын-дауыл да қосылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жағдайы біршама жақсарды, бірақ соғыстан кейін тағы құлдырады.

1959 жылы Белизге Канададан меннониттер көшіп келді.

1964 жылы колония өзін-өзі басқару құқығына ие болды. 1973 атауы Белиз болып өзгерді.

Тәуелсіздік алу жолы 1966 жылы Гватемаланың Белизді өзінің жепартаменті жариялап, Британиядан оны «қайтаруын» талап еткендіктен ұзарды.

Тәуелсіздікке жету жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1981 жылы 21 қыркүйек күні Белиз тәуелсіздік алды. Осыған қарамастан елде 1500 ағылшын әскері қалып қойды. Ол 1992 жылы Гватемаланың өз талаптарынан бас тартқаннан кейін ғана шығарылды. БҰҰ 1981 жылдан мүше. Кариб ұйымына, АКТ елдері ұйымына кіреді. 1991 жылдан американдық елдері құрамына кіреді.

1970 жылға дейін астанасы Белиз қаласы болып келді. Бұл қала бірнеше рет дауылдан және су тасқындарынан жапа шекті. 1961 жылы болған жойқын дауылдан кейін Белиз қаласынан оңт-батыстағы 80 шақырым жерде Бельмопан қаласын сала бастады. 1970 жылы ол қала ұлттық резиденцияға айналды.

Саяси құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Белиздің елді басқару жүйесі парламенттік-демократиялық Вестминстер жүйесіне сүйене жасалған.

Елдің басшысы — Ұлыбритания монархы, өкілі — генерал-губернаторы.

Атқарушы билік үкіметпен жүзеге асады, премьер-министрмен басқарылады. Ол партия төрағасы бола алады, 5 жылға сайланады. Заң шығару билігі екіпалаталы Ұлттық жиналыста. Жоғарғы палатасы — Сенат (12 мүше), төменгі палата — Өкілдік палата (31 депутат).

Саяси партиялары:

  • Біріккен Демократиялық партия— левоцентристік, парламентте 25 орын;
  • Біріккен Халық партиясы — центристік, 6 орын .
  • Парламентте орындары жоқтар — Белиздіктердің құқыған қорғайтын Ұлттық Одақ, Ұлттық реформалар партиясы, Ұлттық Халық партиясы және т.б.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Белиз Аумағы 6 округке бөлінеді.(ағылш. district):

  • Белиз
  • Кайо
  • Коросаль
  • Ориндж-Уолк
  • Станн-Крик
  • Толедо

Округтар одан соң тағы 31 ішкі округтерге бөлінеді.

Халқының саны — 315 мың (2010). Жылдық өсу — 2,1%. Орташа өмір сүру ұзақтығы— 68 жас. Қала халқы — 52 % (2008). АИВ-мен (ВИЧ) ауыратындар саны— 2,1 % (2007).

Этно-нәсілді құрамы (2000 ж.):

Діндері: католиктер 49,6%, протестанттар 27% басқалар 14%, атеистер 9,4% (2000).

Елдің негізі тілі ағылшын болып табылады, бірақ ол халықтың 4%-ның ғана ана тілі. Көптеген белиздіктер ағылшынша жақсы сөйлейді. Елдің сауаттылығы — 70%. Белиздік креоль тілімен 33% сөйлейді. 75-80% адам бұл тілді біледі. 46% халық испанша сөйлейді, басқалары да жақсы біледі. Майя тілі 9% адамының ана тілі. Гарифуна тілімен 3% адам сөйлейді. 2001 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен бұл тіл ауызекі сөйлеудің ұлы туындысы болып танылды.

Белиздің мәдениеті майя үндістерінен бастау алады. Бағасыз майя мұраларына храмдар мен сарайлар т.б. жатады. Үлкен майя мәдениеті орталығына әлі де елде сақталған Шунантунич, Алтун-Ха, Караколь, Куэйо, Ламанай жатады.. Бұл ежелгі ғимараттар әлі жақсы зерттелмеген, зерттеуді қажет етеді.

Баспалдақты пирамидалар, Ламанай храмындағы алып маскалар, ғалымдар арасында талас тудырған хрусталь бассүйек табылған тылсым Лубаантун бәрі-бәрі майя мәдениетінің мұралары. Кахаль Печте әйгілі майя «жасанды аркалар» әлі бәріне беймәлім. Ең үлкен архелогиялық орталықтардың бірі—Алтун-Ха, өзінің көмбелерімен белгілі.

Мұнда орналасқан ягуарлар мекендейтін қорық көп қызығушылық тудырады. Ол әлемдегі жалғыз ягуар қорығы. Ел астанасы—Бельмопан қаласында Белиз Университеті, қызықты сәулет өнеріндегі банк, Арт-Бокс көрмесі және Қалалық мұражай орналасқан.

Елдің бұрынғы астанасы — Белиз де әсем жерлерлерімен белгілі. XVIII ғасыр ортасында түрме болған Белиз мұражайында майя қыш-құмыраларымен танысуға болады. Теңіз мұражайы теңіз ісінің дамуын көрсетсе, Жағалау Зоналық мұражайы рифтер экологиясын көрсетеді. Қаланың солтүстігінде Әулие Иоанн шіркеуі—ағылшындық ескі шіркеу болып табылады.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ең көп табысты саласы — туризм. Одан кейін теңіз тауарлары, цитрустық өсімдіктер, қант құрағы, банан мен киімдер дамыған. 2006 жылы мұнай қоры табылып, 2007 жылдан игеріле бастады. 72% жұмыспен қамтылған, өндірісте 18%, ауыл шаруашылығында 10%. Өндірісі — киім шығару, тамақ, құрылыс, мұнай өндіру. Ауыл шаруашылығы — банан, какао, цитрустар, қант құрағы, балықшылық, ағаш өндіру.

Ішкі саудасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Экспорт 2009 жылы 385 млн долл. болды — қант, банан, цитрустар, киім, балық, ағаш, шикі мұнай. Негізгі сатып алушылары: АҚШ 30,7%, Ұлыбритания 29,8%, Нигерия 4,9%, Кот д'Ивуар 4,5%.

Импорт 2009 жылы 616 млн долл. болды— өндірістік заттар, көліктер, жанармай, дәрә-дәрмек, сусындар, темекі.

Негізгі сатушылар — АҚШ 33,7%, Мексика 14,2%, Куба 8,5%, Гватемала 6,8%, Испания 6,1%, Қытай 4,1%. Ішкі сауда — 954 млн АҚШ доллары (2008 жыл).

Қарулы күштері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әскери бюджет $19 млн. (2005 жыл). Тұрақты әскер саны—1,05 мың адам. Резерві 700 адам. Әскери дайын — 40,6 мың адам. Жаяу әскер 1,05 мың. Әуе әскері—екі BN-2B жеңіл ұшақтары, 1 Cessna 182 дайындалуға арналған ұшақ және Т-67-200 көлік ретіндегі ұшақ. Теңіз күші: 50 адам, 3 ПКА, 9 катер, 3 ДКА.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. [1]
  2. Belize Population and Housing Census 2010: Country Report. Statistical Institute of Belize (2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 қаңтар 2016. Тексерілді, 11 желтоқсан 2014.
  3. a b c d Belize. International Monetary Fund.
  4. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.