Вагенбург
Вагенбург (нем. Wagenburg, ағылш. Wagon fort) — XV-XVIII ғасырлардағы арбалардан жиналған далалы жылжымалы бекініс.
Вагенбург қолда бар құралдардан да жасақталған. Кең мағынада вагенбург деп ішінде адам және қару бар жылжымалы фортификациялық бөгетті атаған. Негізінен ауыр (рыцарлық) кавалерия қолданған заманда вагенбург үлкен артықшылықтарға ие болды. Оқ атаның қарудың дамуы жаяу әскерде тізбекті (тік сызықты) сапты қолданудың тиімділігін байқатты. Дала артиллериясың пайда болуы вагенбургтың архаизмге айналуына алып келді.
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Табор
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Табор деп атты арбалардан біріктірілген айдауылды (конвой) немесе лагерді айтамыз. Таборлар Еуропада XIII-XX ғасырлар аралығында орын алған жорықтар мен қақтығыстар барысында өз әскерлеріне демеу болып отырды. Әскердің артынан ере отырып, таборлар керек-жарақты тасумен қатар далалы асхана, қару-жарақшылар, етікшілер сияқты бөлімшелермен жасақталған. Кейінірек бұл тактиканы Орталық Еуропа мемлекеттерінің әскерлері де көшіріп алды (Поляк-Литва одағын қоса). XVI-XVII ғасырларда жаяу жүрісті жауынгерлерін қорғау мақсатында осы тактиканы казактар да меңгере бастады.
Лаагер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Лаагер" термині африкаанс тіліне неміс тілінен енген (нем. lager - "лагерь" немесе "апан, ұя") "lager" сөзінен пайда болды. Қазіргі таңда африкаанс тілінде "lager" терминінің орнына "laer" қолданылады. Көне замандарда саяхатшылар қарақшылардан, жыртқыш аңдардан қорғану үшін арбаларын шеңбер тәріздес тізбекке біріктірген. Лаагерлерді воотреккерлер 1830-шы жылдары Ұлы трек кезінде кеңінен қолданды. 1838 жылдың 16 желтоқсанында Андрис Преториус бастаған бурлар (африканерлер) 10 мыңдық зулус әскерін жеңді. Зулустардың бастапқы соққысына тойтарыс беріп, бурлар қарсыласын үлкен шығынға (3 мыңнан артық) ұшыратты. Бұл қақтығыс тарихта "Қанды өзендегі шайқас" ретінде белгілі.[1]
Қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қытай
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Вагенбургтердің ең алғашқы қолданылуы туралы мәліметтерді “Ханьшу” тарихи трактатында кездестіреміз.[2] Б.з.д. 119 жылы ғұн-қытай соғыстары кезінде қолбасшы Вэй Цин Гоби шөлін өтіп, қарсыласымен кездесті. Алғашқы соққыларға тойтарыс беріп, қытайлықтардың қарсы шабуылынан кейін ғұн әскері шегінуге мәжбүр болды. Қытайлықтар жауынгерлік екі аяқты күйме арбаларды, негізіне, шабуылдау құралы ретінде қолданған.
Ежелгі Рим
[өңдеу | қайнарын өңдеу]IV ғасырда өмір сүрген Рим әскерінің офицері Аммиан Марцеллин готтардың вагенбургке ұқсас жылжымалы бекіністері туралы баяндаған.[3]
Көшпенділер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кейбір болжамдарға қарағанда, моңғол шапқыншылығына дейін вагенбургтерді көшпенді халықтар да қолданған (ғұндар мен қыпшақтар арасындағы дәуір).
Чехия
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Вагенбург гусит соғыстарында (1419-1434) кеңінен қолданды. Вагенбургтың чех үлгісі “табор” (чех. tábor) немесе “возова градьба” (чех. vozová hradba) атауларына ие болды. Вагенбурті қолданудың арқасында көтерілісшілер ұзақ уақыт бойы жақсы қаруланған қарсыластың әскеріне тойтарыс берді. 18-21 адамнан құралған әр арбаның құрамы төмендегідей болды:
- арбалетпен қаруланған 4-8 адам;
- қол бомбардаларымен қаруланған 2 адам;
- айбалта сияқты қарумен қаруланған 6-8 адам;
- 2 қалқан тасушы;
- 2 арбакеш.
Гуситтердің вагенбургтерді нәтижелі қолдануы қарсыластың да бұл тактикаға еліктеуіне алып келді. Тахов түбіндегі шайқаста (1427) неміс крескерлері вагенбургті қолданғанымен, тәжиберінің жеткіліксіздігінен жеңіліске ұшырады. 1434 жылы Липан шайқасында вагенбурті қолданған екі чех әскері (табориттер мен чашниктер) кездесті. Шайқас барысында вагенбуртің үлкен кемшілігі байқалды. Чашниктер вагенбургті бұзып өткеннен кейін бұл жылжымалы бекініс шығаберісі жоқ қапанға айналды. Таборит әскері ойсырата жеңілді. Таборит әскерінің жеңілісімен Чехиядағы вагенбургті қолдану дәуірі аяқталды.[4]
Жаңа заман:Америка және Африка
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Вагенбуртердің ренессансы Солтүстік Америка мен Оңтүстік Африкадағы ақ нәсілді қоныстанушылардың тосын шығарылған жылжымалы бекіністерді қолдану кезінде байқалған. Бұл жылжымалы бекіністер испан тілінде "корраль"[5], ал африкаанс тілінде "лаагер" атауларына ие болды. Жаңа қоныстанушылардың жорықтық колонналары жергілікті тұрғындар мен қарақшылардың шабуылдарына жиі ұшырап отырды. Шабуылдарға тойтарыс беру үшін қолонна шеңбер тәріздес тізбек құрған. Шайқасқа жарамсыз адамдар, жануарлар шеңбердің ортасында орналасатын. Ал мылтықтармен қаруланғандар тізбектің периметрінен оқ жаудырған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Wisniewski, J.; Kevin Nakamura (April 24, 2013). [1]
- ↑ The Book of Han, Ban Gu, 111 CE.
- ↑ Ammianus Marcellinus, The Later Roman Empire, Translated by Walter Hamilton, Penguin Classics (1986) ISBN 0-14-044406-8
- ↑ Величко К. И. Вагенбург // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.
- ↑ Random House Unabridged Dictionary: «Corral: a circular enclosure formed by wagons during an encampment, as by covered wagons crossing the North American plains in the 19th century, for defense against attack»