Хайфа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Хайфа, 1925 - 1937
Хайфа, 1925 - 1937

Ха́йфа (ивр. חֵיפָה‎, араб.: حَيْفَا‎; соымен қатар Хейфа́ деп те аталады) — Израилдің көлемі жағынан үшінші, ал теңіз порты ретінде екінші ірі қаласы. Қала Кармель тауларының етегінде орналасқан. Қала тарихы ежелгі заманнан бастау алады. Бүгінгі қала халқының саны 264 500 адам. (2010). Халқы араб және еврей ұлттарынан құралады. Ең танымал мұражай болып табылатын Израиль Ұлттық ғылым, технология және ғарыш мұражайлары осы қалада орналасқан. Сонымен қатар Хайфа қаласы бояу өндіретін орталық ретінде де танымал. Сонымен қатар Израильдің Жерорта теңізі жағалау бөлігіндегі порт Хайфа қаласындағы Хайфа шығанағында орналасқан. Ол 63,7 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Хайфа Тель-Авивтен солтүстікке қарай 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол - солтүстік Израильдегі ең ірі айлақ. Әлемге әйгілі Хайфа және Технион университеттері осы қалада орналасқан. 1950 жылы қала Мэрі Абба Хуши тұрақты труппасы мен репертуары бар театрдың іргетасын қалады. Хайфа қаласының климаты - теңіздік, жазда ыстық, ылғалды және қысы салқын, жаңбырлы болып келеді. 2006 жылы ливандықтармен болған қақтығыстарда Хезболла ұйымының 93 ракетасы Хайфа қаласына атқылады. Бұл қақтығыс біршама бейбіт адамдардың өмірін қиды. Ғасырлар бойы қала көптеген билейшәлердің қол астында болды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ә 52 ӘЛЕМНІҢ ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІ. - Алматы: "Аруна" баспасы. - 208 бет. - Сер.: "1100 қызықты дерек". ISBN 978-9965-26-677-5