Мазмұнға өту

Шемонаиха

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
10:10, 2011 ж. қарашаның 4 кезіндегі Sibom (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа

Үлгі:ЕМ-Қазақстан Шемонаиха - қала, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданның орталығы, темір жол стансиясы Облыс орталығы Өскемен қаласынан солтүстік-батысқа қарай 120 км жерде, Ертістің оң саласы — Оба өзеннің жағасында орналасқан. Тұрғыны 16,7 мың адам (2006). Іргесі 1652 — 1666 жылы қаланған. 1936 жылы кентке, 1961 жылы қалаға айналды. 1961 жылға дейін Шемонаихада ұжымшар орталығы орналасты, одан кейін ұжымшар негізінде кеңшарлар құрылды. 1997 жылы кеңшарлар таратылып, орнына шаруа қожалықтары құрылды. Қалада, сондай-ақ құрылыс материалдар зауыты, астық қоймасы, аудан баспахана, геологиялық барлау партиясы, аудан тұрмыс қажетін өтейтін мекемелер, т.б. бар. Шемонаиха арқылы респубкликалық маңызы бар ӨскеменЗмеиногорск (Ресей) автомобиль жолы өтеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

Түсініктемелер


Үлгі:Cities of Kazakhstan