Қазақстанның күмістен жасалған естелік шақалары
Естелік күміс шақаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл толуына орай 5 шақа топтамасы шығарылған 1995 жылдан бастап шығара бастады. Шақаларды жасау үшін 925 сынамды күміс пайдаланылады, олардың барлығы Қазақстан теңге сарайында proof сапасында соғылған.
«Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы», «Көрнекті оқиғалар мен адамдар», «Қазақстан петроглифтері», «Қолданбалы өнер», «Сәулет және тарих ескерткіштері», «Қазақстанның Қызыл кітабы», «Ертеде соғылған шақалар», Қазақстан «суретшілері» (графика)», «Ғарыш», «Спорт», «Қазақстанның өсімдік әлемі», «Қазақстанның фаунасы мен флорасы», «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері», «Әлемге әйгілі мешіттер», «Көшпенділер алтыны», «Ұлы қолбасшылар», «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары», «Қазақстан халқы ертегілері», «Республика игілігі», «Банкноттағы кейіптер», «Жүректен жүрекке», «Дала қазынасы», «Теңге – сыйлық», «Сиқырлы нышандар», «Қазақстанның бейнелеу өнері», «Діни жануарлар – көшпенділердің тотемдері», «Шығыс күнтізбесі» және «Зодиак белгілері» сияқты шақа топтамалары шығарылды.
Кейбір естелік шақалар көрсетілген топтамадан тыс шығарылады.
Кейбір күміс шақалар алтын жалатумен, эмальмен, голографиямен және төсеніш баспамен безендірілген.
Барлық күміс шақалардың белгіленген бағасы 100, 500, 1000 немесе 5000 теңге және Қазақстанда заңды төлем құралы болып табылады, алайда олардың нарықтық құны әлдеқайда жоғары болғандықтан, олар төлем құралы ретінде пайдаланылмайды.
Статистикасы
2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 233 естелік күміс шақа шығарылды.
Жылдар[1] мен атаулы құны бойынша шақалар шығарылымдарының жиынтық кестесі | |||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1995 | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | Барлығы | |
100 теңге | 5 | 1 | 1 | 2 | 1 | 5 | 1 | 1 | 6 | 3 | 1 | 2 | 3 | 5
4 |
4 | 3 | 14 | 7 | 69 | ||||
500 теңге | 2 | 4 | 4 | 4 | 7 | 6 | 8 | 8 | 9 | 9 | 8 | 9 | 11 | 10 | 11
17 |
9 | 9 | 7 | 152 | ||||
1000 теңге | 2 | 2 | |||||||||||||||||||||
5000 теңге | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 3 | 1 | 10 | ||||||||||||||
Барлығы | 5 | 1 | 3 | 5 | 4 | 6 | 9 | 7 | 13 | 9 | 11 | 16 | 12 | 11 | 13 | 13 | 16 | 21 | 14 | 12 | 24 | 8 | 233 |
Топтамалы шақалар
«Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл» топтамасы
Белгіленген бағасы 100 теңге, салмағы 24 г және диаметрі 37 мм топтамалы шақалар 1995 жылы[2] Аустрия ақша сарайында[3] соғылған және Қазақстанның алғашқы күміс шақасы әрі proof сапасында шығарылған алғашқы шақалар болды.
Бет жағы: Абайдың өмірі мен шығармашылығынан сюжеттік композиция, мемлекет атауы, ұлттық ою-өрнек, белгіленген бағасы мен шығарылған жылы, нүктелердің жиегі.
Арт жағы: Абайдың бейіні, қаз. АБАЙ • ИБРАҺИМ • ҚҰНАНБАЙҰЛЫ толық аты-жөні және өмір сүрген жылдары (1845 1904), шығармалары бойынша композиция, нүктелердің жиегі.
Қыры тегіс. Әр шақаның таралымы — 6000 дана.
1995 | Ана | 1995 | Жайлау | |||
1995 | Медресе | 1995 | Бүркітші | |||
1995 | Махаббат |
«Қазақстан петроглифтері» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 24 г, диаметрі 37 мм топтамалы шақалар 2000-2007 жылдары шығарылды[4].
Бет жағы: ұлттық ою-өрнектің аясындағы белгіленген бағасы, эмитент-банкінің атауы, шиыршық, шығарылған жылы; теңге сарайының белгісі, металдың салмағы мен сынамасы (2003 жылдан басталған шақаларда). 2005-2007 жылғы шақалардың бет жағында эмитент-банк атауының орнына — мемлекеттің атауы жазылған.
Арт жағы: петроглифтің бейнесі, оның атауы мен орналасқан жері қазақ және ағылшын тілдерінде; теңге сарайының белгісі, металдың салмағы мен сынамасы (2000-2002 жылғы шақаларда).
Қыры тегіс. Әр шақаның таралымы — 3000 дана.
2000 | КӨК ТӘҢІРІ • ТАМҒАЛЫТАС ағылш. THE SUN GOD • THE TAMGALYTAS |
2004 | ТАМҒАЛЫТАС • ОЙШЫЛ ағылш. THE TAMGALYTAS • THE THINKER | |||
2001 | УМАЙ • ТАУЛЫ АЛТАЙ ағылш. UMAI • MOUNTAIN ALTAI |
2005 | САЛТ АТТЫ • АЙРАҚТЫ ТАУЫ ағылш. HORSEMAN • AIRAKTY MOUNTAIN | |||
2002 | ТАҢБАЛЫ • БЕЛГI ағылш. THE SIGN • TANBALY |
2006 | АРБА • АРПАӨЗЕН ШАТҚАЛЫ ағылш. CHARIOT • ARPAUZEN TRACT | |||
2003 | ОЙ-ЖАЙЛАУ • ТҮРКI ӘСКЕРI ағылш. OI-JAILAU • TURK WARRIOR |
2007 | ТЕРЕКТІ АЛҚАБЫ • АСЫЛ БҰҒЫ ағылш. TEREKTY VALLEY • NOBLE DEER |
«Қазақстанның Қызыл кітабы» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңгелік шақалар 2001 жылдан бастап шығарылады. Нейзильберден жасалған белгіленген бағасы 50 теңгелік естелік шақалар бірдей немесе ұқсас әрленіммен шығарылады.
2001–2009 жылдары шақалар келесі сипаттамалармен шығарылды:
Бет жағы: белгіленген бағасы, эмитент-банкінің атауы, шиыршық, теңге сарайының белгісі, ұлттық ою-өрнек, металдың салмағы мен сынамасы.
Арт жағы: жануардың бейнесі және оның атауы қазақ және латын немесе ағылшын тілдерінде.
Қыры тегіс. Салмағы: 24 г. Диаметрі: 37 мм. Жуандығы: 2,7 мм. Әр шақаның таралымы — 3000 дана.
2000 | БАРЫС IЛБІС лат. UNCIA UNCIA |
2005 | ЖАЙРАН лат. GAZELLA SUBGUTTUROSA | |||
2001 | САЙҒАҚ ағылш. SAIGA |
2006 | АЛТАЙ ҰЛАРЫ лат. TETRAOGALLUS ALTAICUS | |||
2002 | АРҚАР лат. OVIS AMMON |
2007 | ЖАЛБАҒАЙ лат. PLATALEA LEUCORODIA | |||
2003 | ДУАДАҚ лат. OTIS TARDA |
2008 | ТЯНЬ-ШАНЬ ҚОҢЫР АЮЫ лат. URSUS ARCTOS ISABELLINUS | |||
2004 | ИТЕЛГI лат. FALCO CHERRUG |
2009 | ҮНДІ ЖАЙРАСЫ лат. HYSTRIX LEUCURA SATUNINI |
2010 жылдан бастап топтаманың шақаларындағы бет жағы жеке әрленімімен және өзгерген сипаттамаларымен шығарылды:
Қыры бұжыр. Салмағы: 31,1 г. Диаметрі: 38,61 мм.
Бұйра бірқазан | ||
---|---|---|
Бет жағы: тоғанның аясындағы бір жұп бірқазандар, эмитент-банктің атауы, атаулы құны мен теңге сарайының белгісі, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: жағалау маңайы өсімдіктерінің аясындағы бірқазан, жануардың қаз. БҰЙРА БІРҚАЗАН және лат. PELECANUS CRISPUS атауы, шақа шығарылған жылы. Таралымы: 5000 дана. | ||
Қаршығарең жапалақ | ||
Бет жағы: ағаштың аясындағы жапалақ, ұшып бара жатқан жапалақ, эмитент-банктің атауы, атаулы құны мен теңге сарайының белгісі, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: қаршығарең жапалақтың суреті, жануардың қаз. ҚАРШЫҒА РЕНДІ ЖАПАЛАҚ және лат. SURNIA ULULA атауы, шақа шығарылған жылы. Таралымы: 5000 дана. | ||
Ақтеңбіл дәуіт | ||
Бет жағы: шөптегі дәуіт, эмитент-банктің қаз. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ атауы, атаулы құны, шақа шығарылған жылы мен теңге сарайының белгісі, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: шөптің аясында бұтаққа шығып алған екі дәуіт, жануардың қаз. ДӘУІТ және лат. HIERODULA TENUIDENTATA атауы. Таралымы: 5000 дана. | ||
Қара кірпі | ||
Бет жағы: кірпі, эмитент-банктің атауы, атаулы құны, шақа шығарылған жылы мен теңге сарайының белгісі, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: оралған кірпі, жануардың қаз. ҚАРА КІРПІ және лат. HEMIECHINUS HYPOMELAS атауы[5], шақа шығарылған жылыТаралымы: 5000 дана. | ||
Сабаншы | ||
Бет жағы: Жер шарының және әртүрлі жануарлардың стильдендірілген бейнесі, эмитент-банкті атауы, атаулы құны мен теңге сарайының белгісі. Арт жағы:шөптегі сабаншы[6], жануардың қаз. САБАНШЫ және лат. FELIS MANUL атауы, шақа шығарылған жылы, металдың салмағы мен сынамасы. Таралымы: 3000 дана. | ||
Үстірт муфлоны | ||
Бет жағы: Адамның қолындағы Жер шары, эмитент-банктің атауы мен логотипі, атаулы құны, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: тау аясындағы муфлон, жануардың қаз. ҮСТІРТ МУФЛОНЫ және лат. OVIS ORIENTALIS ARCAL атауы, шақа шығарылған жылы. Таралымы: 3000 дана. |
«Қолданбалы өнер» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 24 г, диаметрі 37 мм топтамалы шақалар 2001-2005 жылдары шығарылды[7].
Бет жағы: музыкалық аспапта ойнайтын ұлттық киім киген адам, мемлекеттің атауы, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі (тек «Адырна» шақасында ғана).
Арт жағы: музыкалық аспап және оның қазақ және ағылшын тілдеріндегі атауы, ноталы орнақтың үзіндісі, шақаның шығарылған жылы, теңге сарайының белгісі («Адырна» шақасында оның орнына — ҚРҰБ логотипі бейнеленген).
Қыры тегіс. Әр шақаның таралымы — 4000 дана.
2001 | НАРҚОБЫЗ ағылш. NARKOBYZ |
2004 | ЖЕТІГЕН ағылш. ZHETIGEN | |||
2002 | ДОМБЫРА ағылш. DOMBRA |
2005 | АДЫРНА ағылш. ADYRNA | |||
2003 | АСА ТАЯҚ ағылш. ASSA TAYAK |
«Сәулет және тарих ескерткіштері» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 24 г, диаметрі 37 мм топтамалы шақалар 2002-2005 жылдары шығарылды[8].
Қыры бұжыр. Әр шақаның таралымы — 3000 дана.
Бабажы-қатын кесенесі | ||
---|---|---|
Бет жағы: кесененің кірпіш қалауы аясындағы эмитент-банктің атауы мен белгіленген бағасы, ұлттық ою-өрнек элементтері. Арт жағы: ағаштар аясындағы кесене мен оның жоспары, ескерткіштің қаз. БАБАЖИ-ХАТУН КЕСЕНЕСI және ағылш. BABAJI KHATUN MAUSOLEUM атауы, металдың салмағы мен сынамасы, шақа шығарылған жылы менен теңге сарайының белгісі. | ||
Айша бибі кесенесі | ||
Бет жағы: эмитент-банктің атауы, кесене қаптауының үзіндісі, белгіленген бағасы менен теңге сарайының белгісі. Арт жағы: кесененің суреті, оның қаз. АЙША-БИБИ КЕСЕНЕСI және ағылш. AISHA-BIBI MAUSOLEUM атауы, қалану ғасыры — «XI», металдың салмағы мен сынамасы, шақа шығарылған жылы. | ||
Тас мүсіндер | ||
Бет жағы: тіршілік ағашы, эмитент-банктің атауы, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы менен теңге сарайының белгісі. Арт жағы: тас мүсіндер тобы, олардың қаз. ТАС МYСІНДЕР және ағылш. THE ROCK STATUES атауы, шақа шығарылған жылы. | ||
Жошы хан кесенесі | ||
Бет жағы: кесене күмбезі, эмитент-банктің атауы мен логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы. Арт жағы: кесененің суреті, қаз. ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСI және ағылш. ZHOSHI KHAN MAUSOLEUM атауы, қалану ғасыры — «XIV», теңге сарайының белгісі, шақа шығарылған жылы. |
«Ертеде соғылған шақалар» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2004-2009 жылдары шығарылды[9]. «Алматы монетасы» шақасының жиегі алтынмен қапталған.
Бет жағы: көне шақаның бет жағы, мемлекеттің атауы, белгіленген бағасы, шығарылған жылы.
Арт жағы: көне шақаның арт жағы, оның қазақ пен ағылшын тілдеріндегі атауы және соғылған уақыты, ҚРҰБ логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, ұлттық ою-өрнек.
Қыры тегіс («Деңга» және «Драхма» шақалары) немесе бұжыр (басқа шақаларда).
2004 | ДЕҢГА (VIII ғ.) ағылш. DENGA Таралымы: 5000 дана. |
2007 | ОТЫРАР МОНЕТАСЫ (VII—VIII ғ.) ағылш. COIN OF OTRAR Таралымы: 4000 дана. | |||
2005 | ДРАХМА (VIII ғ.) ағылш. DRAKHMA Таралымы: 5000 дана. |
2008 | САРАЙШЫҚ МОНЕТАСЫ (XIV ғ.) ағылш. COIN OF SARAIJUK Таралымы: 5000 дана. | |||
2006 | ДИРХЕМ (XVI ғ.) ағылш. DIRKHEM Таралымы: 5000 дана. |
2009 | АЛМАТЫ МОНЕТАСЫ (XIII ғ.) ағылш. COIN OF ALMATY Таралымы: 4000 дана. |
«Көшпенділер алтыны» топтамасы
12 қырлы салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм пішіндегі белгіленген бағасы 500 теңге топтамадағы шақалар 2004-2013 жылдары шығарылды[10].
Топтамадағы барлық шақалардың бет жағы бірдей: төрт салт аттының стильдендірілген бейнесі, мемлекеттің атауы, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы.
Арт жағы: Қазақстандағы археологиялық қазбалар кезінде табылған көшпенділердің алтын бұйымдарының бірінің алтын жалатылған бейнесі; табылған заттың қазақ және ағылшын тіліндегі атауы, шиыршық, топтаманың қаз. КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ және ағылш. THE GOLD OF NOMADS атауы, шақаның шығарылған жылы. «Диадема бөлігі» және «Сатир» шақаларының арт жағындағы безендірілуінде қосымша түсті эмаль қолданылған.
Қыры тегіс. Әр шақаның таралымы — 5000 дана.
2004 | АЛТЫН БҰҒЫ ағылш. THE GOLDEN DEER |
2009 | САТИР ағылш. SATIR | |||
2005 | ЖОЛБАРЫСТЫҢ БАСЫ ағылш. THE HEAD OF TIGER |
2010 | БҰҒЫЛАР. ӘШЕКЕЙЛЕР ағылш. BUCKLES. DEERS | |||
2006 | ШАБАНДОЗ ағылш. RIDER[11] |
2011 | БҰЛАННЫҢ БАСЫ ағылш. ELK'S HEAD | |||
2007 | ЖҮЗІК ағылш. SEAL-RING |
2012 | БҰЛАН. БАСТЫРМА ағылш. ELK. PLAQUE | |||
2008 | ДИАДЕМА БӨЛІГІ ағылш. FRAGMENT OF A DIADEM |
2013 | АРҚАР ағылш. LYING ARGALI |
«Спорт» топтамасы
Белгіленген бағасы 100 теңгелік шақалар 2004 жылдан бастап шығарылады.
2006 жылғы футболдан әлем біріншілігі | ||
---|---|---|
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, мемлекеттің атауы, ҚРҰБ логотипі, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: стильдендірілген футбол добының аясындағы екі футболшы, іс-шараның ағылш. 2006 FIFA WORLD CUP GERMANY™ атауы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі. Қыры бұжыр. Салмағы: 31,1 г. Диаметрі: 38,61 мм. Таралымы: 6000 дана. | ||
2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары | ||
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, мемлекеттің атауы, ҚРҰБ логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: екі велошабандоз, іс-шараның ағылш. OLYMPIC GAMES 2004 атауы. Қыры бұжыр. Салмағы: 31,1 г. Диаметрі: 38,61 мм. Таралымы: 10 000 дана. | ||
2006 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары | ||
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, мемлекеттің атауы, ҚРҰБ логотипі, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: шаңғы жолындағы үш шаңғышы, іс-шараның ағылш. OLYMPIC GAMES 2006 атауы, металдың салмағы мен сынамасы. Қыры бұжыр. Салмағы: 31,1 г. Диаметрі: 38,61 мм. Таралымы: 11 000 дана. | ||
2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары. Бокс | ||
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, мемлекеттің атауы, ҚРҰБ логотипі, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: бокс көрінісі, іс-шараның ағылш. OLYMPIC GAMES 2008 атауы, Қазақстан туының элементтері, металдың салмағы мен сынамасы. Қыры бұжыр. Салмағы: 31,1 г. Диаметрі: 38,61 мм. Таралымы: 12 000 дана. | ||
2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары. Бессайыс | ||
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, мемлекеттің атауы, ҚРҰБ логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: бессайыс көрінісі, іс-шараның ағылш. OLYMPIC GAMES 2008 атауы. Қыры бұжыр. Салмағы: 31,1 г. Диаметрі: 38,61 мм. Таралымы: 10 000 дана. | ||
2010 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары | ||
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, мемлекеттің атауы, ҚРҰБ логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: трамплиннен секірген шаңғышы, іс-шараның ағылш. OLYMPIC GAMES 2010 атауы. Қыры бұжыр. Салмағы: 31,1 г. Диаметрі: 38,61 мм. Таралымы: 12 000 дана. | ||
2010 жылғы футболдан әлем біріншілігі | ||
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, мемлекеттің атауы, ҚРҰБ логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: алтын жалатылған добы бар футболшы, іс-шараның ағылш. 2010 FIFA WORLD CUP SOUTH AFRICA™ атауы. Қыры бұжыр. Салмағы: 31,1 г. Диаметрі: 38,61 мм. Таралымы: 10 000 дана. | ||
2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары. Еркін күрес | ||
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, эмитент-банктің атауы және логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: күрес көрінісі, іс-шараның ағылш. OLYMPIC GAMES 2012 атауы. Қыры бұжыр. Салмағы: 31,1 г. Диаметрі: 38,61 мм. Таралымы: 12 000 дана. | ||
2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары. Ауыр атлетика | ||
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, эмитент-банктің атауы және логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: зілтемір көтерген атлетші, іс-шараның ағылш. OLYMPIC GAMES 2012 атауы. Қыры бұжыр. Салмағы: 31,1 г. Диаметрі: 38,61 мм. Таралымы: 12 000 дана. | ||
2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары. Конькомен жүгіру спорты | ||
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, эмитент-банктің атауы және логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: конькимен жарысушы, іс-шараның ағылш. OLYMPIC GAMES 2014 атауы. Қыры бұжыр. Салмағы: 31,1 г. Диаметрі: 38,61 мм. Таралымы: 8000 дана. | ||
2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары. Шайбалы хоккей | ||
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, эмитент-банктің атауы және логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: хоккей көрінісі, іс-шараның ағылш. OLYMPIC GAMES 2014 атауы. Қыры бұжыр. Салмағы: 31,1 г. Диаметрі: 38,61 мм. Таралымы: 8000 дана. | ||
2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары. Сырықпен секіріс | ||
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, эмитент-банктің атауы және логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: сырықпен секіруші, іс-шараның ағылш. OLYMPIC GAMES 2014 атауы. Қыры бұжыр. Салмағы: 24 г. Диаметрі: 37 мм. Таралымы: 8000 дана. | ||
2013 жылғы әуесқой бокстан әлем чемпионаты | ||
Бет жағы: Қазақстанның елтаңбасы, эмитент-банктің атауы, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: бокс көрінісі, AIBA логотипі, ағылш. ALMATY 2013 жазуы, іс-шараның ағылш. AIBA WORLD BOXING CHAMPIONSHIPS атауы. Қыры бұжыр. Салмағы: 31,1 г. Диаметрі: 38,61 мм. Таралымы: 3000 дана. | ||
2014 жылғы футболдан әлем біріншілігі | ||
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, эмитент-банктің атауы және логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: екі футболшы, іс-шараның ағылш. 2014 FIFA WORLD CUP BRAZIL™ атауы. Қыры бұжыр. Салмағы: 24 г. Диаметрі: 37 мм. Таралымы: 6000 дана. | ||
2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары. Баскетбол | ||
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, эмитент-банктің атауы және логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: баскетбол көрінісі, іс-шараның ағылш. OLYMPIC GAMES 2016 атауы. Қыры бұжыр. Салмағы: 24 г. Диаметрі: 37 мм. Таралымы: 8000 дана. | ||
2016 жылғы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты | ||
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, мемлекеттің атауы, теңге сарайының белгісі, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы және шығарылған жылы, ұлттық ою-өрнек. Арт жағы: чемпионаттың ресми танымбелгісі. Қыры тегіс. Салмағы: 24 г. Көлемі: 30×45 мм. Таралымы: 1000 дана. | ||
2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары. Көркем гимнастика | ||
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, эмитент-банктің атауы және логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: түрлі-түсті таспалары бар гимнасттың бейнесі, іс-шараның ағылш. OLYMPIC GAMES 2016 атауы. Қыры бұжыр. Салмағы: 20 г. Көлемі: 37 мм. Таралымы: 3000 дана. | ||
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіне 25 жыл | ||
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстанның елтаңбасы, эмитент-банктің атауы және логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, белгіленген бағасы және шығарылған жылы. Арт жағы: Қазақстан ҰОК танымбелгісі, ағылш. NATIONAL OLYMPIC COMMITTEE OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 25 YEARS жазуы, нүктелер жиегі. Қыры бұжыр. Салмағы: 31,1 г. Көлемі: 38,61 мм. Таралымы: 1000 дана. |
«Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» топтамасы
2006-2015 жылдары белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар шығарылды, 2016 жылдан бастап топтама шақалары салмағы 24 г және диаметрі 37 мм болып шығарылады. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 50 теңгелік мыс-никель шақалары шығарылады.
Бет жағы: ұлттық ою-өрнек аясында Қазақстанның елтаңбасы мен белгіленген бағасы, мемлекет атауы. 2010 жылғы шақада, сонымен қоса, ЕурАзЭҚ танымбелгісі де бар.
Арт жағы: салт немесе ойынның көрінісі, оның қазақ тіліндегі атауы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі (2015-2016 жылғы шақаларда оның орнына ҚРҰБ логотипі қолданылды) және шығарылған жылы.
Қыры бұжыр.
2006 | БЕСІККЕ САЛУ Таралымы: 4000 дана. |
2012 | НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ Таралымы: 4000 дана. | |||
2007 | ТҰСАУ КЕСУ Таралымы: 4000 дана. |
2013 | СҮЙІНДІР Таралымы: 4000 дана. | |||
2008 | ҚЫЗ ҚУУ Таралымы: 4000 дана. |
2014 | КӨКПАР Таралымы: 3000 дана. | |||
2009 | БЕТАШАР Таралымы: 4000 дана. |
2015 | БАТА Таралымы: 3000 дана. | |||
2010 | ОТАУ КӨТЕРУ Таралымы: 5000 дана. |
2016 | ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ Таралымы: 3000 дана. | |||
2011 | АЙТЫС Таралымы: 4000 дана. |
2017 | ШАШУ Таралымы: 3000 дана. | |||
2018 | СҮЙІНШІ Таралымы: 2000 дана. | |||||
2019 | QYZ UZATÝ Таралымы: 3000 дана. |
«Қазақстанның өсімдік әлемі» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2006-2010 жылдары шығарылды.
Бет жағы: жапырақтардың құрамы, эмитент-банкінің атауы және оның логотипі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы.
Арт жағы: өсімдік және оның қазақ пен латын немесе ағылшын тілдеріндегі атауы, шақаның шығарылған жылы, теңге сарайының белгісі; өсімдік бөліктерінің бірі голограмма түрінде жасалған.
Қыры бұжыр. Әр шақаның таралымы — 4000 дана.
2006 | ҚЫЗҒАЛДАҚ[12] лат. TULIPA REGELII |
2009 | АЛМАТЫ АПОРТЫ ағылш. ALMATY APORT | |||
2007 | ЕҢЛІКГҮЛ лат. LEONTOPODIUM |
2010 | ЖАБАЙЫ КӨКНӘР лат. PAPAVER PAVONINUM | |||
2008 | ОЛЬГА ЗЫҒЫРЫ лат. LINUM OLGAE |
«Қазақстан суретшілері (графика)» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2006-2008 жылдары шығарылды.
Бет жағы: кескіндеме бейнесінде белгіленген бағасы және шығарылған жылы, мемлекеттің атауы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі.
Арт жағы: суретшінің жұмысы және оның қазақ пен ағылшын тілдеріндегі атауы, қазақ және ағылшын тілдеріндегі суретшінің қолтаңбасы мен аты-жөні, ҚРҰБ логотипі.
Қыры бұжыр. Әр шақаның таралымы — 4000 дана.
2006 | Е. Сидоркин АЛМАТЫНЫҢ АЛМАСЫ ағылш. APPLES OF ALMATY |
2008 | С. Калмыков АТАУЫ ЖОҚ ағылш. UNNAMED | |||
2007 | М. Қисамединов «ҚОЗҒАЛЫС» СЕРИЯСЫ • ЕРТЕГІ-АҢЫЗ ағылш. «MOVEMENT» SERIES • MYTH |
«Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2006-2010 жылдары шығарылды.
Бет жағы: елтаңба және мемлекеттің атауы, белгіленген бағасы.
Арт жағы: ғибадатхананың суреті, оның қазақ және орыс тілдеріндегі атауы, шақаның шығарылған жылы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі.
Қыры бұжыр.
2006 | ОРТАЛЫҚ МЕШІТ (Алматы) орыс. Центральная мечеть Таралымы: 4000 дана. |
2009 | «НҰР-АСТАНА» МЕШІТІ орыс. Мечеть «Нур-Астана» Таралымы: 4000 дана. | |||
2007 | КАФЕДРАЛЫҚ ШІРКЕУ (Алматы) орыс. Кафедральный собор Таралымы: 4000 дана. |
2010 | «БЕКЕТ-АТА» ҒИБАДАТХАНАСЫ орыс. Святилище «Бекет-Ата» Таралымы: 4000 дана. | |||
2008 | ЖАРКЕНТ МЕШІТІ орыс. Жаркентская мечеть Таралымы: 15 000 дана. |
«Әлемге әйгілі мешіттер» топтамасы
Белгіленген бағасы 100 теңге, салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2008 жылы шығарылды. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік алтын шақалар шығарылды.
Бет жағы: мешіттегі кіреберісті білдіретін дарбаза мен бұралымның стильдендірілген бейнесі, эмитент-банктің атауы мен оның логотипі, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металл сынамасы.
Арт жағы: мешіт көрінісі; ғибадатхананың және орналасқан қаланың атауы (тек «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» және «Фейсал мешіті» шақаларында ғана ағылшын тілінде).
Қыры бұжыр. Әр шақаның таралымы — 6000 дана.
2006 | Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (Түркістан, Қазақстан) |
2006 | Фейсал мешіті (Исламабад, Пәкістан) | |||
2006 | Байтұррахман Рая мешіті (Банда-Ачех, Индонезия) |
2006 | Заһир мешіті (Алор-Сетар, Малайзия) |
«Қазақстанның фаунасы мен флорасы» топтамасы
Топтамадағы шақалар — сопақ пішінді, белгіленген бағасы 100 және 500 теңге; шақа өлшемдері: 38,61 × 28,81 мм, 2008 жылдан бастап шығарылады.
Қыры бұжыр.
Алесанор көбелегі | ||
---|---|---|
Бет жағы: көбелек сұлбасымен қоршалған бақбақтар, эмитент-банктің атауы, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: шатыршагүлді өсімдіктерінің үстіндегі үш көбелектің (қарапайым, алтын жалатылған менен голографиялық) суреттері, түрдің қаз. КӨБЕЛЕК және лат. PAPILIO ALEXANOR атауы. Белгіленген бағасы: 500 теңге. Салмағы: 24 г. Таралымы: 4000 дана. | ||
Кәдімгі қоқиқаз | ||
Бет жағы: көбелектің аясындағы бақбақтар, эмитент-банктің атауы, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: екі қоқиқаз бен Күн, су бетінің голографиялық бейнесі, түрдің қаз. ҚОҚИҚАЗ және лат. PHOENICOPTERUS ROSEUS атауы. Белгіленген бағасы: 500 теңге. Салмағы: 24 г. Таралымы: 4000 дана. | ||
Батбат кесіртке | ||
Бет жағы: көбелек сұлбасымен қоршалған бақбақтар, эмитент-банктің атауы, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: шөлдің аясыгдағы екі жұмырбастың (біреуі алтын жалатылған) бейнелері, түрдің қаз. ҚҰЛАҚТЫ ЖҰМЫРБАС КЕСІРТКЕ және лат. PHRYNOCEPHALUS MYSTACEUS атауы. Белгіленген бағасы: 500 теңге. Салмағы: 24 г. Таралымы: 4000 дана. | ||
Бекірелер | ||
Бет жағы: толқындар мен Күннің аясындағы бекіренің стильдендірілген бейнесі, эмитент-банктің атауы, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: судағы екі бекіренің (біреуі алтын жалатылған) бейнесі, тұқымдастың қаз. БЕКІРЕ және лат. ACIPENSERIDAE атауы, шығарылған жылы. Белгіленген бағасы: 500 теңге. Салмағы: 24 г. Таралымы: 5000 дана. | ||
Кіші қосаяқ | ||
Бет жағы: шөл мен күннің стильдендірілген бейнесі аясындағы қосаяқ, эмитент-банктің атауы, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: жарылған топырақтың аясындағы қосаяқтың бейнесі, түрдің қаз. ҚОСАЯҚ және лат. ALLACTAGA ELATER атауы, шығарылған жылы. Белгіленген бағасы: 500 теңге. Салмағы: 24 г. Таралымы: 5000 дана. | ||
Ақ дегелек | ||
Бет жағы: Қазақстан елтаңбасы, эмитент-банктің атауы, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, шығарылған жылы, ұлттық ою-өрнек. Арт жағы: жағалау өсімдіктерінің аясындағы алтын жалатылған дегелектің бейнесі, түрдің қаз. АҚ ДЕГЕЛЕК және лат. CICONIA CICONIA атауы. Белгіленген бағасы: 100 теңге. Салмағы: 24 г. Таралымы: 15 000 дана. | ||
Каспий итбалығы | ||
Бет жағы: су мен Күндегі итбалықтың стильдендірілген бейнесі, эмитент-банктің атауы, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: мұз беткейлерінің аясындағы төлі бар итбалық, алтын жалатылған Күннің бейнесі, түрдің қаз. КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫ және лат. PHOCA CASPICA атауы, шығарылған жылы. Белгіленген бағасы: 500 теңге. Салмағы: 24 г. Таралымы: 5000 дана. | ||
Сұңқылдақ аққу | ||
Бет жағы: Қазақстан елтаңбасы, эмитент-банктің атауы, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, шығарылған жылы, ұлттық ою-өрнек. Арт жағы: тоғанның аясындағы аққудың алтын жалатылған бейнесі, түрдің қаз. СҰҢҚЫЛДАҚ АҚҚУ және лат. CYGNUS CYGNUS атауы. Белгіленген бағасы: 100 теңге. Салмағы: 24 г. Таралымы: 13 000 дана. | ||
Алатау бәйшешегі | ||
Бет жағы: стильдендірілген гүлдің аясындағы Қазақстан елтаңбасы, эмитент-банктің атауы, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: өсімдіктің суреті (гүлдердің бір бөлігі алтын жалатылған), түрдің қаз. БӘЙШЕШЕК және лат. CROCUS ALATAVICUS атауы, шығарылған жылы. Белгіленген бағасы: 500 теңге. Салмағы: 31,1 г. Таралымы: 3000 дана. | ||
Жұмақ шыбыншы | ||
Бет жағы: Адамның қолындағы Жер шары, эмитент-банктің атауы, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: шыбыншының жапырақтың аясындағы суреті, тампонды баспа арқылы жасалған, түрдің қаз. ШЫБЫНШЫ ТОРҒАЙ және лат. TERPSIPHONE PARADISI атауы, шығарылған жылы. Белгіленген бағасы: 500 теңге. Салмағы: 31,1 г. Таралымы: 3000 дана. | ||
Сексеуіл | ||
Бет жағы: Адамның қолындағы Жер шары, эмитент-банктің атауы мен логотипі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: үзіндісі бар сексеуіл суреті, тампонды баспа арқылы жасалған, ағаштың қаз. СЕКСЕУІЛ және лат. HALOXYLON атауы, шығарылған жылы. Белгіленген бағасы: 500 теңге. Салмағы: 24 г. Таралымы: 3000 дана. | ||
Грейг қызғалдағы | ||
Бет жағы: Адамның қолындағы Жер шары, эмитент-банктің атауы мен логотипі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: қызғалдақтың суреті, тампонды баспа арқылы жасалған, өсімдіктің қаз. ГРЕЙГ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ және лат. TULIPA GREIGII атауы, шығарылған жылы. Белгіленген бағасы: 500 теңге. Салмағы: 24 г. Таралымы: 1000 дана. |
«Ұлы қолбасшылар» топтамасы
Белгіленген бағасы 100 теңге, салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2008-2015 жылдары шығарылды.
Бет жағы: Қазақстанның елтаңбасы, салт атты, эмитент-банктің атауы, белгіленген бағасы, теңге сарайының белгісі (Әмір Темір шақасынан басқаларында), шығарылған жылы.
Арт жағы: қолбасшының суреті, оның ағылшын тіліндегі аты-жөні және өмір сүрген уақыты, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі («Әмір Темір» шақасынан басқаларында).
Қыры бұжыр.
2008 | Шыңғыс хан ағылш. CHINGIZ KHAN (1162—1227) Таралымы: 13 000 дана. |
2012 | Сұлтан Бейбарыс ағылш. SULTAN BAYBARS (1223—1277) Таралымы: 15 000 дана. | |||
2009 | Еділ қаған ағылш. ATTILA THE HUN (406—453) Таралымы: 13 000 дана. |
2014 | Әмір Темір ағылш. AMIR TIMUR (1336—1405) Таралымы: 13 000 дана. | |||
2010 | Тұмар ханша ағылш. TOMIRIS (VI в.с.) Таралымы: 13 000 дана. |
«Шығыс күнтізбесі» топтамасы
Дереккөздер
- ↑ шақаларда көрсетілген
- ↑ Памятные монеты из серебра — 150-летие Абая Кунанбаева (орыс.). Национальный Банк Республики Казахстан.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 9 қаңтар 2016.
- ↑ 150-летие Абая Кунанбаева. Мать (орыс.). Ehobbex.com.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 9 қаңтар 2016.
- ↑ Памятные монеты из серебра — Петроглифы Казахстана (орыс.). Национальный Банк Республики Казахстан.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 қаңтар 2016.
- ↑ Қазіргі уақытта түр басқа тұқымға жатқызылады және лат. Paraechinus hypomelas деп аталады
- ↑ Жануардың көздері түрлі-түсті эмальдан жасалған.
- ↑ Памятные монеты из серебра — Прикладное искусство (орыс.). Национальный Банк Республики Казахстан.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 7 қаңтар 2016.
- ↑ Памятные монеты из серебра — Архитектурные и исторические памятники (орыс.). Национальный Банк Республики Казахстан.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 5 қаңтар 2016.
- ↑ Памятные монеты из серебра — Монеты старых чеканов (орыс.). Национальный Банк Республики Казахстан.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 қаңтар 2016.
- ↑ Памятные монеты из серебра — Золото номадов (орыс.). Национальный Банк Республики Казахстан.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 5 қаңтар 2016.
- ↑ 2007 жылы ТМД және Балтық елдерінің «Шақа шоқжұлдызы - 2007» Бірінші халықаралық шақа байқауында «Шабандоз» күміс шақасы «Жылдың күміс шақасы» номинациясында бірінші орынға ие болды.
- ↑ 2007 жылы ТМД және Балтық елдерінің «Шақалар шоқжұлдызы - 2007» Бірінші халықаралық шақа байқауында «Қызғалдақ» күміс шақасы «Шақа – ең жақсы сыйлық» байқауының бас демеушісінен арнайы номинацияға, сондай-ақ көрермендер көзайымы сыйлығына ие болды.