Мазмұнға өту

Мырыш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
19:54, 2023 ж. маусымның 16 кезіндегі AmankeldyA (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Кіріспе бөлімін өңдеді)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
30 МысМырышГаллий
Zn

Cd
Периодическая система элементовСутегіГелийЛитийБериллийБор (элемент)КөміртекАзотОттекФторНеонНатрийМагнийАлюминийКремнийФосфорКүкіртХлорАргонКалийКальцийСкандийТитан (элемент)ВанадийХромМарганецТемірКобальтНикельМысМырышГаллийГерманийКүшәнСеленБромКриптонРубидийСтронцийИттрийЦирконийНиобийМолибденТехнецийРутенийРодийПалладийКүмісКадмийИндийҚалайыСүрмеТеллурИодКсенонЦезийБарийЛантанЦерийПразеодимНеодимПрометийСамарийЕуропийГадолинийТербийДиспрозийГольмийЭрбийТулийИттербийЛютецийГафнийТантал (элемент)ВольфрамРенийОсмийИридийПлатинаАлтынСынапТаллийҚорғасынВисмутПолонийАстатРадонФранцийРадийАктинийТорийПротактинийУранНептунийПлутонийАмерицийКюрийБерклийКалифорнийЭйнштейнийФермийМенделевийНобелийЛоуренсийРезерфордийДубнийСиборгийБорийХассийМейтнерийДармштадтийРентгенийКоперницийНихонийФлеровийМосковийЛиверморийТеннессинОганесон
Периодическая система элементов
30Zn
Жай заттың сыртқы бейнесі
сынғыш металл көкшіл-ақ түсті
Атом қасиеті
Атауы, символ, нөмірі

Мырыш, 30

Топ типі

Ауыр металдар

Топ, период, блок

12, 4, d

Атомдық масса
(молярлық масса)

65.38(2) м. а. б. (г/моль)

Электрондық конфигурация

[Ar] 3d10 4s2

Қабықшалар бойынша электрондар

2, 8, 18, 2

Атом радиусы

138 пм

Химиялық қасиеттері
Ковалентті радиус

122±4 пм

Ван-дер-Ваальс радиусы

139 пм

Ион радиусы

(+2e) 74 пм

Электртерістілігі

1,65 (Полинг шкаласы)

Электродты потенциал

-0,76 В

Тотығу дәрежелері

0; +2

Иондалу энергиясы

1-ші: 906.4 кДж/моль (эВ)
2-ші: 1733.3 кДж/моль (эВ)
3-ші: 3833 кДж/моль (эВ)

Жай заттың термодинамикалық қасиеттері
Термодинамикалық фаза

Қатты дене

Тығыздық (қ.ж.)

7,133 г/см³

Балқу температурасы

419,6 °C

Қайнау температурасы

906,2 °C

Балқу жылуы

7,28 кДж/моль

Булану жылуы

114,8 кДж/моль

Молярлық жылусыйымдылық

25,4 Дж/(K·моль)

Молярлық көлем

9,2 см³/моль

Қаныққан бу қысымы
P (Па) 1 10 100 1000 10 000 100 000
T (К) 610 670 750 852 990 1179
Жай заттың кристаллдық торы
Тор құрылымы

алтыбұрышты

Тор параметрлері

a=2,6648 c=4,9468 Å

c/a қатынас

1,856

Дебай температурасы

234 K

Басқа да қасиеттері
Жылуөткізгіштік

(300 K) 116 Вт/(м·К)

Юнг модульі

108 ГПа

Жылжу модульі

43 ГПа

Пуассон коэффициенті

0.25

Моос қаттылығы

2.5

Бринеллий қаттылығы

327–412 МПа

CAS нөмірі

7440-66-6

Мырыш Zn

Мырыш (лат. Zincum; Zn) — элементтердің периодты жүйесінің II-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 30, атом массасы 65,39.[1] Мырыш ерте заманда жез түрінде белгілі болған, таза түрі 16 ғасырда алынған. Жер қыртысындағы массасы бойынша мөлш. 8,3×10-3%. Ол полиметалды сульфид кендерінің құрамында кездеседі.

Негізгі минералдары: сфалерит (мырыш алдамышы) және вюрцит, смитсонит, каламин, цинкит. Мырыш гексагональды тығыз қапталған торы бар күміс түсті ақ металл, тығызд. 7,133 г/см3, балқу t 419,5 °С, қайнау t 906 °С. Тотығу дәрежесі +2. Ылғал ауада және суда 200°С-қа дейін тұрақты, тотығуға гидроксикарбонатты беттік пленкасы кедергі жасайды; қышқылдар және сілтілермен, аммиак және аммоний тұздарымен, ылғал күйіндегі Cl2, Br2-мен, қыздырғанда О2-мен әрекеттеседі.

Құрамында М. бар концентраттарды күйдіріп, әрі қарай алынған күйдіргіні Н2SO4-пен сілтісіздендіру және ZnSO4 ерітіндісінен Мырышты электрлік тұндыру арқылы алынады. Мырыш жез, нейзильбер, томпак, тағы басқа қорытпалардың құраушысы; болат және шойынды мырыштау үшін (бұл кезде коррозияға қарсы қаптама түзіледі), ұшақтар мен автомобильдердің майда бөлшектерін, химиялық ток көздерінің электродтарын жасауда, күміс пен алтынды қорғасыннан бөлуде қолданылады.

Мырышқұрамды шикізат А, Б, және Г кластарға бөлінген. А класы үш топқа таралады:

  1. ЦВ00, ЦВ0, ЦВ1, ЦВ, Ц0А, Ц0, Ц1, Ц2, Ц3 маркалы таза мырыш.
  2. ЦАМ -1, ЦАМ-1о, ЦАМ4-1в, ЦАМ4о, ЦА4, ЦАМ10-5, ЦАМ9-1,5 маркалы қорытпалар.
  3. 1 және 2 топтардың талаптарына сай келмейтің төмен сапалы металл сынықтары мен қалдықтары.

Көрсетілген топтардың металды сынықтары мен қалдықтарын құрамындағы металдың мөлшеріне байланысты 1 немесе 2 сортқа жатқызады. 1 және 2 топтағы металдың мөлшері сорттар бойынша келесідей бөлінеді: 1-сортта 97 %-дан, 2-сортта- 85 %-дан, ал 3-сортта металдың мөлшері сәйкесінше 60 % және 45 %-дан кем емес болады.

Мырыш пен оның қорытпаларының жоңқасын топтарға ұқсас түрде жіктейді. 1 және 2 топтағы жоңқаның құрамында металдың мөлшері85 %-дан кем емес, 3 топта - 65 %-дан жоғары.

Мырыш және оның қорытпаларының басқа да қалдықтары үш топқа бөлінеді.

  1. Мырыш қағы (изгарь) және үш сорттағы гартмырыш:

а- құрамындағы Zn мөлшері 90 %-дан кем емес гартмырыш,

б- құрамындағы Zn мөлшері 65 %-дан кем емес мырыш қағы,

в- құрамындағы Zn мөлшері 40 %-дан кем емес гартмырыш және мырыш қағы.

  1. Мырыш-қорғасынды қақ; мырыш пен қорғасынның қосындысы 1 сортта 50 %-дан кем емес, ал 2 сортта - 40 %-дан жоғары.
  1. Құрамындағы мырыштың мөлшері 20 %-дан жоғары қалдықтары.

Мырыш қосылыстары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мырыш қосылыстары – мырыш элементі түзетін химиялық қосылыстар. Мырыштың оттекті қосылыстарының маңыздысы мырыш (ІІ) оксиді ZnO – түссіз кристалл, балқу t 1975ӘС. Су, спирт, эфирде ерімейді, ал қышқылдарда, сілтілерде ериді. Табиғатта “цинкит” деген атпен белгілі. ZnO – мырыш буларын ауада немесе оттекте жағу және табиғи ZnS-ті күйдіру арқылы алынады. Ол бояғыштарда ақ пигмент (мырыш әгі), электроникада шала өткізгіш материал ретінде, тағы басқа мақсаттарда қолданылады. Мырыш гидроксиді Zn(OH)2 – мырыштың ерігіш тұздары мен сілтілер арасындағы реакцияда түзіледі. Ол ақ түсті тұнба, қышқылдар және сілтілерде ериді. Аммиак ерітіндісінде еріп, кешенді қосылыстар түзеді. Мырыш тұздарының маңыздылары: ZnS, ZnCl2, ZnSO4, Zn(СН3CОО)2. Мырыш сульфиді ZnS – түссіз кристалл, балқу t 1775ӘС, суда ерімейді, қышқылдар әсерінен ыдырайды, литопон деген ақ бояу құрамына кіреді. Табиғатта сфалерит (мырыш алдамышы) және вюрцит минералдары түрінде кездеседі. ZnCl2 немесе ZnSO4 ерітінділерінен натрий немесе аммоний сульфидімен тұндыру арқылы алынады. Шала өткізгіш материал ретінде, тағы басқа қолданылады. Мырыш хлориді ZnCl2, түссіз кристалл, балқу t 318ӘС, қайнау t 732ӘС, суда (20ӘС кезінде 100 г-да 367 г), суда, спиртте, эфирде ериді, өте гигроскопты. Мырыш сульфидін (ZnS) натрий хлоридімен (NaCl) қыздыру және тұз қышқылын Zn, ZnСО3 немесе ZnО-мен әрекеттестіру арқылы алынады. Ол негізінен қағаздарды ағартуда, улағыш ерітінділердің құраушысы ретінде, ағашты шіруден сақтау мақсатында қолданады. Мырыш сульфаты ZnSO4 – түссіз кристалл, суда ериді (20ӘС кезінде 100 г-да 54,1 г). Ерітінділерден мырыш купоросы (ZnSO47Н2О) түрінде кристалданады. Zn немесе ZnO-ін Н2SO4-пен әрекеттестіру арқылы алынады. Мырышты электролиз арқылы алуда және мырыштауда электролит құраушысы, матаны бояуда улағыш, флотореагент, микротыңайтқыш ретінде, тағы басқа қолданылады. Мырыштың тағы бір маңызды қосылысы мырыш ацетаты Zn(СН3CОО)2 – балқу t 235 – 237ӘС кристалл, суда (20ӘС кезінде 100 г-да 30 г немесе 100ӘС-та 44,6 г), спиртте ериді. Ол Zn немесе ZnО сірке қышқылымен әрекеттескенде алынады. Органик. синтез өнеркәсібінде – катализатор ретінде, медицинада, тағы басқа қолданылады. Мырышорганикалық қосылыстар – құрамында Zn–С байланысы бар қосылыстар. Негізгі типтері: R2 Zn, RZnНаl. Олардың Аlk2Zn қосылысы – сұйық, Аr2Zn – кристалл, RZnHal – балқымайтын ақ зат, органик. еріткіштерде ериді. Аlk2Zn (С4-ке дейін) – ауада өздігінен жанады; су, спирт, қышқылдар және аминдермен қарқынды әрекеттеседі. Оны ZnHal2-ні магнийорганик. қосылыстармен (немесе Ar2Hg) не алкилгалогенидтерді Zn–Сu қорытпаларымен әрекеттестіру арқылы алады.

Табиғатта мырыш өздігінен метал ретінде кездеседі.

Мырыш сульфид түрінде 1-4% Zn, сондай-ақ Cu, Pb, Ag, Au, Cd, Bi бар полиметалл кендерінен өндіріледі. Кендер мырыш концентраттарын (50-60% Zn) және сонымен қатар қорғасын, мыс, кейде пирит концентраттарын ала отырып, селективті флотациямен байытады. Мырыш концентраттарын пештерде қайнаған қабатта күйдіреді, мырыш сульфидін ZnO оксидіне ауыстырады; бұл ретте түзілетін SO2 күкіртті газы күкірт қышқылын өндіруге жұмсалады. ZnO тотығынан таза мырыш екі жолмен алынады. Пирометаллургиялық (дистилляциялық) әдіс бойынша, бұрыннан бар, күйдірілген концентрат түйіршікті және газ өткізгіштікті беру үшін жентектеуге ұшырайды, содан кейін 1200-1300 °c: ZnO + С = Zn + CO кезінде көмірмен немесе кокспен қалпына келтіреді. Бұл ретте түзілетін металл булары конденсацияланады және металл қалыптарға құяды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2