Электронды кітап (құжат)
Электронды кітап — кітаптың электронды (сандық) түрдегі нұсқасы. Аталмыш термин сандық түрде ұсынылған шығармалармен қатар, оларды оқуға арналған құрылғыларға да қолданылады.
Кітаптардың сандық нұсқаларын айрықшалау мақсатында ағылшын тілді елдерде осы терминмен қатар, қарапайым мәтіндік файлдарға негізделген ашық форматқа e-text (ағылш. электронный текст) термині де қолданылады. Электронды мәтіндер қатарына, құрамына мәтіннен басқа растрлық кескіндер, мәліметтердің үлгілері, жаттығулар, сұрақтарды тудыратын мәселелерге талқыламасы жазылған электронды құралдарды да жатқызады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1971 ж. Майкл Харт Иллинойс штаты университетінің операторларынан алып компьютер Xerox Sigma V-ті шексіз қолдануға рұқсат алған болатын. Осы жағдайды ұтымды әрі саналы түрде қолдану үшін, ол компьютерге АҚШ тәуелсіздігі Декларациясының мәтінін теріп алғашқы электронды кітапты жасап шығарады. Көптеген кітаптардың электронды көшірмелерін жасау жолымен, осылайша, «Гутенберг» жобасы бастау алады.[1]
Форматтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Электронды кітаптар әртүрлі форматтағы файлдарда таралуы мүмкін, дәлірек айтқанда:
- Қарапайым мәтін (plain text);
- Көмкерілген мәтіндік — HTML, электронды кітаптардың ашық форматы Electronic Publication (.epub), (OPF FlipBook), OpenDocument, SGML, XML, FictionBook (.fb2), TeX, PDF, Microsoft HTMLHelp (.chm), eReader (.lit), PostScript (.ps, .eps), ExeBook, Mobipocket (.prc) и др.;
- Графикалық растрлық — TIFF, JPEG, DjVu және т.б.;
- Мультимедиалық кітаптар — SWF, EXE, мультимедиалық кітап, аудиокітаптар және т.б.;
- Ұялы құрылғылардың java-мидлет форматындағы кітаптар: java (J2ME) қолданысындағы ұялы телефондар, қалта компьютерлері.
- Кітаптан бөлек, оны оқуға арналған арнайы бағдарламаны қамтитын, арнайы операциялық жүйеге арналып жасалған, қондыртпа түріндегі кітаптар. Әдетте кітапты көшіріп алу және қондыртпа бағдарламасынан тыс қарау мүмкіндігінен айырылған.
Кейбір форматтағы файлдардың (OpenDocument, PostScript, PDF, MS Word DOC және т.б.) мәтіннен бөлек расторлық және векторлық кескіндері болуы мүмкін.
Заманауи электронды кітап файлдары (мультимедиалық кітап) мәтіннен бөлек бірқатар қабылдау каналын қамтиды: дыбыстық-әуендік, кескіндік-динамикалық (фотосуреттер мен галереялар) және интерактивті-менталды.
Қағаз бетіндегі кітаптардан артықшылықтары мен кемшіліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Артықшылықтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- көлемінің аздығы[2] (электронды, оптикалық және т.б. тасымалдаушыда ондаған және жүз мыңдаған кітапты сақтау мүмкіндігі);
- толықмәтінді іздестіру мүмкіндігі (кітап мәтіні оқылған немесе басылған ғана болса);[2]
- гарнитура мен қаріп кеглін тез әрі оңай ауыстыра алу мүмкіндігі;[2]
- кітап мәтінін тыңдай алу мүмкіндігі (ағылш. text-to-speech, аудиокітап);[2]
- жарықтың жеткіліксіз деңгейінде кітапты оқи алу мүмкіндігі (көмескі жарығы бар құрылғыларда);[2]
- таралымның арзандығы (көп жағдайда компьютер желісімен таратылған ақпараттың көлемі немесе физикалық тасымалдауыш, мысалға компакт-дискі бағасы есептеледі).[2]
- қағаз бетіндегі кітаптармен салыстырғанда шығару уақыты азырақ (салыстыру үшін:электронды кітап үшін - апта, қағаздағыға - жарты жыл)
- экологиялық тазалығы әрі үнемділігі — ағаш жұмсалмайды.
Кемшіліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- материалдық және безендіру элементтерінің эстетикалық құрамдас бөлік ретінде жоқтығы;
- жаңа аппараттық немесе бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарымен ықтималды сәйкессіздігі (осыны алдын-алу үшін қарапайым немесе стандартталған ашық форматтары қолданылады);
- кейбір құрылғылардың дисплейлері көзді тез шаршатады;
- бүгінгі күнге шаққанда көпшілік құрылғы дисплейлерінің рұқсаттығындағы «кескін сапасы» қағаз жүзіндегі баламамен салыстырғанда әлдеқайда нашар;
- тасымалдауыш құрылғының жұмыс уақыты батареясының көлеміне байланысты шектеулілігі;
- суретті қағаз басылымдарын электронды нұсқаға өткізу көптеген ыңғайсыздықтарды тудырады (мысалға, өнер тарихы, фотоальбомдар, карталар жинағы және т.б. сол сындыс шығармалар).
Ішкі сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Интерактивті кітап
- Электронды кітап (құрылғы)
- Электронды кітапхана
- Аудиокітап
- Кітаптарды сандық форматқа түсіру
- Электронды қағаз
- ReadManiac
- M-Book Mini
- Amazon Kindle
Ескертулер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ http://www.guardian.co.uk/books/2011/sep/08/michael-hart-inventor-ebook-dies «Michael Hart, inventor of the ebook, dies aged 64» Alison Flood, The Guardian. 8 September 2011
- ↑ a b c d e f Michael Pastore http://epublishersweekly.blogspot.com/2008/02/30-benefits-of-ebooks.html (ағыл.) (28 January 2008). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 ақпан 2012. Тексерілді, 21 тамыз 2008.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Вадим Ереминнің «Петя Колю перерос» атты электронды мультимедиялық кітабы, «Вешние воды» баспасы (орыс.)
- Электронды кітап форматтары Мұрағатталған 27 маусымның 2012 жылы. (орыс.)