Мазмұнға өту

Бөріқарақат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
16:00, 2021 ж. тамыздың 21 кезіндегі InternetArchiveBot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Rescuing 1 sources and tagging 0 as dead.) #IABot (v2.0.8)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
Бөріқарақат
Berberis darwinii shoot with flowers
Berberis darwinii shoot with flowers
Berberis thunbergii shoot with fruit
Berberis thunbergii shoot with fruit
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Magnoliophyta
Табы: Magnoliopsida
Сабы: Ranunculales
Тұқымдасы: Berberidaceae
Тегі: Berberis
L.
Species

About 450-500; see text

Өсімдік туралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бөріқарақат – биіктігі екі жарым метрге дейін жететін, Қазақстанның таулы аймақтарында табиғи түрде кездесетін, жапырағы және жемісі әдемі бұталы өсімдіктің бірі. Мәңгі жасыл өсімдіктер қатарына жататын түрлері де бар. Табиғатта 400-ден аса түрі кездеседі. Мәңгіжасыл түрлері: жасыл жапырақты, қызылқоңыр жапырақты және мол жемісті, ұсақ жапырақты болады. Ал, биіктігіне қарай бөріқарақат он шақты топқа бөлінеді. Олардың арасында биіктігі 30 см болатын және 3 метрден асатын үлкен бұталыларын да кездестіруге болады. Көгалдандыруда бөріқарақатты жапырағының және жемісінің әдемілігі үшін отырғызады. Жапырағы әдемі түрлерін гүлзар, рокарий және жасыл шарбақ ретінде өсіреді. Бұтағын кесіп шар, төртбұрыш, цилиндр пішінінде де өсіруге болады. Бірақ ботаника бағы үшін бөріқарақатты қырқып, пішіндеп өсірудің қажеті жоқ. Еркін өскен бөріқарақаттың бір бұтағының ұзындығы 3 метрге дейін жетеді. Қазақстан жерінде өсетін бөріқарақаттың жапырағы сопақ, ұсақ, қызыл және жасыл түсті болып келеді. Сабағы тікенді. Қазақстанның Алтынемел және Шарын қорықтарында Қызыл кітапқа енген Іле бөріқарақаты өседі. Мамыр, маусым айларында гүлдейді, жаздан күзге дейін жапырақтары әдемі қызыл түске еніп, қыс кезінде қып-қызыл жеміс береді. Жемісінен тосап, кондитерлік тағамдар дайындайды. Ал, жіңішке жапырақты бөріқарақат жұпар иісімен бағаланады.

Топырақ талғамайды, ашық күн астында немесе алакөлеңкеде өсе береді. Қыс кезінде жидегі сақталады. Ерте көктемде артық және қураған бұталарын қырқып-реттеу керек.

Көбейтілуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жаз айларында қалемшесімен және күз бен көктем мезгілдерінде түбін бөлу арқылы көбейтіледі. Жидегі мен жапырағының әдемілігі жақсы көрінуі үшін бөріқарақатты жеке еккен жөн.

Бөріқарақат туралы тақпақ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өседі тауда, беткейде,

Гүлдейді ерте көктемде.

Еніпті «Қызыл кітапқа»,

Азайып саны кеткен бе?

Бөріқарақат, зерек (Berberіs) — бөріқарақат тұқымдасына жататын көп жылдық тікенді бұта. Қазақстандағы 9 түрі Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында, Алтайда, Тарбағатай тауларында, Зайсанда, Қарқаралыда, тау беткейлері мен тасты шатқалдарда, тау өзендерінің жағалауында өседі. Оның ішінде Қарқаралы бөріқарақаты мен Іле бөріқарақаты Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Ең жиі кездесетін түрі — кәдімгі Бөріқарақат (heteropoda). Оның биіктігі 2 м-дей. Жапырақтары ірі, ұзындығы 7,5 см, ені 4 см-дей, спираль тәрізді бұралып өседі. Гүлдері ұсақ, ашық сары түсті, әрі хош иісті, шашақты гүлшоғырына топталған. Мамырмаусым айларында гүлдеп, қыркүйекқазанда жемісі піседі. Жемісі — көп тұқымды жидек. Бөріқарақат — бал-шырынды өсімдік, жемісі тағам және шарап өндірісінде қолданылады. Тамырынан сары бояу алынады. Оның жемісі, жапырақтары және қабығы емдік мақсатқа пайдаланылады.

[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8

  1. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3