Мазмұнға өту

Калан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
00:27, 2020 ж. сәуірдің 10 кезіндегі Тазагүл Ермаханова (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа Теңіз сүтқоректілері» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
Калан

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Тұқымдасы: Сусарлар тұқымдасы
Кіші тұқымдасы: Сусар
Тегі: Enhydra
Fleming, 1828
Түрі: E. lutris
Екі-есімді атауы
Enhydra lutris
(Линней, 1758)
Ареал
Ареал

Калан, Камчатка құндызы (кәмшаты), теңіз құндызы (кәмшаты) (лат. Enhydra lutris) – – сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.


Калан, көбінесе, Тынық мұхитта (Аляскадан Калифорнияға дейін), Алеут, Командор аралдарында және Камчаткада таралған. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді. Тұрқы 1,5 м-дей, салмағы 40 кг-ға дейін. Алдыңғы аяқтары қысқа, артқы аяқтары ескек тәрізді, жүзуге бейімделген. Басы жұмыр, ұзын мұрттары танауы мен құлағын жауып тұрады, құйрығы жалпақ және оның ұызндығы 35 см-ге жуық. Каланның терісін жібектей қарақоңыр немесе қара түсті қалың түк басқан. Калан теңіздің жартасты жағалауына жақын жерлерде кездеседі. Құрлықта баяу қозғалады, суда жақсы жүзеді (кейде су астында 45 мин-қа дейін болады). Суда шалқасынан жатып дем алады және ұстаған жемін (теңіз кірпісі, моллюскі, балық, шаяндарды) осылай жатып жейді, қорегін күндіз аулайды. Калан 9 ай көтеріп 1, кейде 2 күшік туады. Калан терісі бағалы аң болғандықтан, өте көп ауланған, соның нәтижесінде 19 ғасырдың ортасына қарай саны күрт азайып кетті. Қазір өте сирек кездесетін аң болғандықтан қорғауға алынып, РесейдіңҚызыл кітабына” енгізілген (1999).[1]

Калан, камчатка құндызы, ұзындығы 100-150 см, құйрығы, 30-36 см. Алдыңғы аяқтары қысқа, тұяқтары бунақталмаған, аяқтарының табаны мен саусақ сүйектері тұтас, жарғақты ескекке айналған. Суға сүңгігенде құлақ және танау тесіктері жабылады. Жүні қалың, жібектей биазы, қарақоңыр, кейде қара. Тынық мұхит жағалауы мен Калифорниядан Жапонияға дейін таралған. Күндіз белсенді тіршілік етеді. Ұрғашы құндыздар 8-9 ай тұқымын көтереді. 2 жылда бір ұрпақ береді. Теңіз кірпісі, былқылдақ денелілер және балықтармен қоректенеді. Бакылаудағы жануар.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3