Мазмұнға өту

Чак-мооль

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
22:13, 2014 ж. желтоқсанның 6 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (+Санат:Мексика; +Санат:Ескерткіштер (HotCat құралының көмегімен))
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Чак-мооль (исп. chac-mool) — Мексикадағы Юкатан түбегіндегі Чичен-Ицадағы Әскерлер ғибадатханасының ұшар басында орналасқан көлемі айбынды тастан жасалған мүсін. Оның қарнында сауыт орналасқан, онда діни жоралар кезінде құрбандыққа шалынған адамдардың жүректері салынып қойылуы да мүмкін. Бұл мүсіннің дене тұрысы әлі күнге дейін белгісіз. Кейде Чак-мооль құрбандық алтарі, ал табақ адам жүрегі тәрізді тасаттық беруге арналған делінеді.

Толтектер оған жаңбыр құдайы ретінде табынған.

Чак-мооль атауы 1875 жылы Чичен-Ицадағы мүсіндердің бірін қазып тапқан Огюст Ле-Плонжонмен байланысты. Ле-Плонжон оны Chaacmol деп атады, бұл майя тілінен "жолбарыс патшасы" деп аударылады деген екен. Ле-Плонжон мүсінде Чичен-Ицаның өткен басшысы бейнеленген деп мәлімдеді. Ле-Плонжонның демеушісі Стивен Солсбери Ле-Плонжонның ашуларын жариялап, оның жазылуын "Чак-мооль" деп өзгертті("үлкен қызыл теңбілшар"). Осы сияқты барлық пұттар қазір "Чак-мооль" деген атпен белгілі.

Чак-мооль мүсіндерін орталық Мексикада және Юкатанада табуға болады. Сонымен қатар,Чак-моольдың белгілі жерлері: Тула, Чичен-Ица, Мехико, Тласкала, Гватемаладағы Киригуа.

Тула мен Чичен-Ицада бұл мүсіндер көбінесе ғибадатханалардың алдында құрбандық, қайыр беруге арналып қойылған.

Қазіргі кейбір сарапшылардың ойынша Чак-мооль мүсіндері құдайдың елшілері болған өлген әскерлер бейнелерін көрсетеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Әлемнің ұлы кереметтері, Алматыкітап 2005 жыл;

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]