Сан-Франциско конференциясы
Сан-Франциско конференциясы (ағылш. United Nations Conference on International Organization) — 1945 жылы 25 сәуір күні боллған екі тарихи оқиғаның бірі. Атап айтқанда, біріншісі – Германия жерінде АҚШ және КСРО әскерлері қосылып, жауды талқандауға бірге кірісуі. Екіншісі – АҚШ-тың Тынық мұхит жағалауында орналасқан Сан-Франциско қаласында халықаралық конференция өз жұмысын бастап, БҰҰ құру туралы мәселелерді талқылауға кірісті.
Сан-Франциско конференциясы | |||
ағылш. United Nations Conference on International Organization | |||
Жүргізілген мерзімі | |||
---|---|---|---|
Жүргізілген Орын | |||
Қатысушылар |
50 БҰҰ құрушы-мемлекет | ||
Нәтиже |
БҰҰ Жарғысына қол қойылды | ||
Реті | |||
|
Американың әсем қалаларының бірі есептелетін Сан-Францискоға 51 мемлекеттің өкілдері жиналған. Конференцияда тек бір ғана мәселені қарастыру міндеттелді, ол – БҰҰ Жарғысын талқылап, бекіту. Оның жұмысында төрт комисия құрылып, мәселелерді реттеген. І коммисия: Конференцияның мақсаты мен ұстанымдары; мүшелік және негізгі орындар; БҰҰ Жарғысы. ІІ комисиия: Бас Ассамблеяға қатысты экономикалық және әлеуметтік Кеңес және қамқорлық Кеңесі туралы. ІІІ комиссиясы: Қауіпсіздік Кеңес туралы. IV комиссия: Халықаралық сот пен басқа заң мәселелері. Жұмыс бабында көптеген ұсыныстар мен қосымшалар пікірталас пен қайшылықтар туды. Бас Ассамблеяның құқығын көтеру мен Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін бекітудегі ұлы мемлекеттердің бірауыздылық ұстанымы төңірегінде қатты тартыстар орын алды. Бірақ соңында Қырымдағы белгіленген жоба қабылданды. Тәуелді елдердің тағдырлары, әсіресе Халықаралық қамқорлық мәселесі де қызу қарастырылған. Барлық халықтардың теңдігі мен өз тағдырын өзі шешу ұстанымын құрметтеу туралы, нәсіліне, тіліне, дініне, жынысына қарамастан әр адамның құқығымен санасу туралы ұсынысты КСРО жасаған. Отарлы елдер оған көнбеді. Англия бастаған батыс елдерінің қысымымен бекітілген бапта «қамқорлық жүйсінің мақсвты – сол жүйедегі тұрғындардың дамуына өзін-өзі билеуіне және тәуелсіздік жолындағы бағыттарына байланысты» делінген, Демек, өздері фашистерге тәуелді болғысы келмеген елдер басқаларды қорлау және қанау әдістерін шамалары келгенше жалғастырмақ болған. Осыған орай езілген халықтар бостандыққа жету үшін қаншама қан төгуге мәжбүр болған. Кейбір халықтардың арманы әлі орындалмай отырғанын естен шығармаған жөн. Конференция Халықаралық сот құрып тағы да басқа мәселелерді реттеген. Сөйтіп, беделі жоғары адамзаттың үмітін орындай алатын Халықаралық ұйымдар өмірге келді. БҰҰ орталық кеңесі Нью-Йорк қаласында америкалық банкир Рокфеллер сыйлаған зәулім ғимаратта орналасқан. Бұұ жарты ғасырдан астам уақытта ұшан-теңіз мәселелерді талқылап, дүние жүзінде бейбітшілікті жақтап келді. Қаншама дағдарысты реттеуге атсалысты. Оның қызметі өте қиын кезендерге тап болған, өйткені ірі мемлекеттер арасындағы бақталастығы, әсіресе АҚН пен КСРО-ның дүние жүзін билеуге тырысқан қырғи қабақ соғыс адамзаттың дамуына қасапсыз зиян келтіріп, келешегіне қауіп төндірген. Ядролық және басқа да жаппай қыру қарулары (ЖҚҚ) бар мемлекеттер өздеріне жүктелген шексіз жауапкершілікті түсініп, үлкен соққығажол бермей келді. Сол бағытты БҰҰ қолдауда.