Тұлғалар порталы

Тұлғалар жайындағы мақалалар Уикипедияның маңызды бөлігі болып табылады. Бұл тұлғалар әр елден, әр саладан, әр кезеңнен болуы мүмкін. Бұл порталда тарихта аты алтын әріппен жазылған тұлғалар жайында ақпарат жиналған.

Үздік мақала

Мағжан Бекенұлы Жұмабай (25 маусым 1893 — 19 наурыз 1938) — алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.

Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910–1913 жылдары Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ. Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С. Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б. Майлинмен танысады.

Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. Садақ журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913–1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.

Бірлік ұйымы жұмысына белсене араласып, Балапан журналын шығаруға қатысады. Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.

(толығырақ…)

Үздік сурет

Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін кездесу, 1985 жыл

Таңдалған тұлға

Элвис Пресли (Elvis Aaron Presley; 8 қаңтар 1935 — 16 тамыз 1977) — америкалық әнші, актер. 20 ғасырдағы үздік әндердің орындаушысы. Оны «рок-н-ролл королі» деп те атайды. Элвистің әрбір альбомы миллиондаған тираждармен таралады.

(толығырақ...)

Жаңа мақалалар

Санаттар

Білгенге маржан…

Мақалалар

Мен қалай көмек көрсете аламын

Тарих Қоғам Өнер Дін Ғылым Техника Спорт Адам