Педиатрия
медицина ғылымының балалар ауруларын зерттейтін саласы
Педиатрия (грек. paіdos — бала және іatreіa — емдеу) — медицина ғылымының балалар ауруларын зерттейтін саласы. Бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, бала ауруларының себептерін анықтау, емдеу, олардан сақтану, сондай-ақ, нәрестені туғанға дейін және туғаннан кейін дұрыс күту, тамақтандыру әдістерін қарастырады.
- 19 ғасырдың 2-жартысынан педиатрия өз алдына ғылым саласы ретінде дами бастады. Оның дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын дәрігерлері У.Кадоган, Г.Армстронг, т.б. болды.
- 19 ғасырдың аяғында Парижде Педиатрия мектебі ашылды, ол бүкіл Еуропаға педиатрлар дайындайтын орталыққа айналды. Ресейде 1866 жылы орыс педиатры А.Н. Тольский (1832 — 1891) алғаш Педиатрия клиникасының негізін салды. Қазақстанда Педиатриялық зерттеулерді A.И. Авенирова бастады.
- 1933 жылы оның басшылығымен Қазақ медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) Педиатрия кафедрасы ашылып, мұнда туберкулез,безгек, күл, полиомиелит, т.б. аса қауіпті бала ауруларына қарсы шаралар іздестірілді. Қазір зерттеу жұмыстарымен Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы, сондай-ақ, республикадағы медициналық академиялар мен Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының Педиатрия кафедралары шұғылданады.
Қазақстандағы педиатрия
өңдеу- Қазір Қазақстанда 6 жоғары медициналық оқу орындарында Педиатрия факультеті бар.
Педиатр-дәрігерлердің саны — 6 мыңнан астам (2005). Республикада травматология және ортопедия саласында, туа біткен аномалия, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, өкпе хирургиясы, реанимация және белсенді терапиямен емдеу әдістері жетілдірілді (К.Ормантаев, К.Қожақанов, т.б.), операциядан кейінгі ішек резекциясынан сақтану жолдары табылды (З.Аханзарипов), балалардың туа біткен обструктивті уропатиясын хирурггиялық жолмен емдеу ретроспективті тұрғыдан зерттеліп, бұрыннан қолданылып жүрген хирургиялық коррекция тәсілдері жетілдірілді (І.Мәжібаев, Б.Майлыбаев). Ревматизм мен жүре біткен жүрек ақауының (Б.Хабижанов, т.б.) және эндокриндік сырқаттарды (Р.Базарбаева) анықтау, емдеу әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Жас нәрестелерге арналған сүт тағамдарының (“Балдырған”, “Балбөбек”, т.б.) тұңғыш рет кешенді клиникалық-гигиеналық негіздемесі зерттелді (Ә.Машкеев, т.б.).
Қазір Педиатрия саласы бойынша республикада ғылыми орталықтар құрылуда. Онкогематология орталықта тұңғыш рет балалардағы жедел лейкоз, апластик анемия және қатерлі ісікқан ауруларын емдеудің жаңаша бағдарламасы енгізілді (К.Омарова, т.б.), неонатология орталық қалыптасты (Т.Чубакова).[1].
Тағы қараңыз
өңдеуДереккөздер
өңдеу- ↑ "Қазақ энциклопедиясы",VII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |