Канар аралдары

Канар аралдары (ис. Islas Canarias) — Атлант мұхитындағы аралдар тобы. Испанияның 17 автономдық облыстарының бірі. Африканың солтүстік-батыс жағалауынан 100 – 120 км жерде. Канар аралдарын мәңгі жасыл орман мен бұталар көмкерген. Эндемик өсімдіктер көп. Олардың қатарына дракон (айдаһар) ағашы, Канар құрма пальмасы мен қарағайы жатады. Жергілікті тұрғындар банан, картоп, цитрустар, жүзім, темекі, астық және бұршақ тұқымдастарын өсіреді, сиыр, ешкі, қой ұстайды. Аралда ұлттық саябақтар орналасқан. Аралдарда теңіздік климаттық курорт дамыған. Ірі қалалары: Лас-Пальмас және Санта-Крус-де-Тенерифе. Олар Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа елдің бір бөлігі ретінде біріктірілген. Дегенмен, бұл мүшеліктің аралдардың ара-қашықтығына, экономикалық және тарихи-дәстүрлік ерекшеліктеріне байланысты өзіндік өзгешеліктері де бар.[1]

Автономды облыс,
аудан
Канар аралдары
Canarias
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Енеді

Санта-Крус-де-Тенерифе және Лас-Пальмас провинциялары

Әкімшілік орталығы

Санта-Крус-де-Тенерифе және Лас-Пальмас-де-Гран-Канария (4 жылда бір астана көшіп тұрады)

Президент

Паулино Риберо Бауте

Тарихы мен географиясы
Координаттары

28°32′11″ с. е. 15°43′17″ б. б. / 28.53639° с. е. 15.72139° б. б. / 28.53639; -15.72139 (G) (O) (Я)Координаттар: 28°32′11″ с. е. 15°43′17″ б. б. / 28.53639° с. е. 15.72139° б. б. / 28.53639; -15.72139 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

7.447 км² (13 орын)

Ірі қаласы

Лас-Пальмас-де-Гран-Канария

Басқа ірі қалалары

Санта-Крус-де-Тенерифе

Тұрғындары
Тұрғыны

2.103.992 адам (2009)(8 орын)

Тығыздығы

282,5 адам/км²

Ресми тілі

испан тілі

Сандық идентификаторлары
ISO 3166-2 коды

ES-CN

gobcan.es

Канар аралдары картада

Канар аралдары Ортаққорда Координаттар: 28°32′11″ с. е. 15°43′17″ б. б. / 28.53639° с. е. 15.72139° б. б. / 28.53639; -15.72139 (G) (O) (Я)

Астанасы

өңдеу

Канар астанасы Санта-Крус-де-Тенерифе және Лас-Пальмас аралдарының ірі қаларының қақ ортасында орналасқан. Автономиялық үкіметтің Президенті әр астанада 4 жыл сайын сайланады. Құрамында 60 депутаты бар Парламент Санта-Круста – қала орталығында орналасқан. Әр аралдың Сabildo insular – мәңгілік көктем аралдары деп аталатын өзіндік жергілікті үкіметі бар.

Тарихы

өңдеу

Гректер бұл жерлерге ғасырлар бойы “Бақытты аралдар” деп аталып келген Гесперидтер бағын тұрғызды.Қанар аралдарының даңқы саяхат мақсатында XVIII – XIXғғ. Ғылыми экспедициялар дәуірінен басталады. Бұл кездері европалық натуралистер ерекше сарқырамалық ландшафтар мен бай өсімдіктер дүниесін зерттеу үшін аралдарға қатынаған.XIX ғасырдың соңында аралдардың даңқы одан әрі күшейе түсті, олар демалыс және көптеген ауруларды емдеу орны болды.Қазіргі уақытта Қанар аралдары европалық туризмнің ең маңызды орталықтарының бірі болып табылады. Олардың жағалауында әржыл сайын 8 млн-нан артық адам тынығып, ғажайып әсереге бөленеді. Қанар жерлеріндегі тамаша сарқырамалық табиғат кез келген адамға таңқаларлық күй кештіреді. Бұл сарқырамалық көрініс әр европалық саяхатшының ең керемет демалыс орны болып саналады. Сарқырама көшкіні, құм, базальт құздары мен жартастары, көшкін даласы, сонымен қатар, сарқыраманың жарқылы, жердің ұсақ бөліктерге бөлінуі кез келген адамды қуанышқа бөледі. Қанар аралдарының негізгі байлығы, маңызды ерекшелігі табиғат екендігіне күмән жоқ. Бұл туризм бизнесінде маңызды рөл атқарады.Қанар аралдарының мұндай тартымдылығы туристер үшін өте мәнді. Мұндағы климат, 1500км-лік жағалау сызығы, салтанатты жағажай спортпен және су спортымен айналысуға мүмкіндік береді. Бұл жерлердің халқы, Еуропа, Африка, Америка мәдениетімен қосылған дәстүрлі асханасы, барлығы да ғажайыпқа толы. Бұған олардың ыңғайлылығын (ескі әлемнің ірі қалаларынан бірнеше сағат ұшу) және көптеген елдерге үлгі болатын туризмнің жақсы дамыған инфрақұрылымын да қосамыз.

Экономикасы

өңдеу

Соңғы онжылдықта туризм қанар аралдарының тұрғындары үшін негізгі мәселе болып келеді.Өндірістің пайыздық қатынасын талдау арқылы бұған көз жеткіземіз. ІҰӨ (ішкі ұлттық өнім): ауыл шаруашылығы – 4,13%, өндіріс – 11,28%, құрылыс – 11,56%, қызмет көрсету – 73,03%. Соңғы бөлімді (қызмет көрсету) туристік бизнес қызметтері: өзгерту жұмыстары, туристік агенттіктер, транспорттық қызмет көрсету, жатын орындары, т.б. мысалы, туристерден түсетін пайзаның есебінен дамып, өркендейтін коммерциялық орталықтарды қамтиді.1995 жылы Қанар аралдарына 4,5 миллион саяхатшы келді.

География

өңдеу
 
Канар аралдары картасы

Географиялық ерекшеліктері

өңдеу

Қанар аралдарының алаңы – 7,447 шаршы км, халқы – 1,700 000 адамды құрайды. Осылайша, халықтың тығыздығы 1 шаршы км-ге 230 тұрғынды құрады. Тұрғындардың көптеген бөлігі Қанар аралдырының екі астанасына шоғырланған. Эль Йерро, Ла Гомера, Лансароте және Фуэртевентура аралдары халық ең қоныстанған аралдар болып есептеледі.Канара архепилагын құрайтын жеті арал Переней жартылай аралынан оңтүстікте шамамен 1000км-дей және африкалық жағалаудың ең жақын нүктесінен 115км қашықтықта орналасқан. Олардың сарқырамалық тегі және Атлант мұхитындағы ерекше жағдайы европалық, сонымен қатар африкалық аралдарға қарағанда геологиялық, өсімдік әлемі, сондай-ақ, табиғат көрінісі айқындалады. Мұндай табиғат ерекшеліктері әр мерзімде, тәулікте көп өзгермейтін төменгі температуралық (жағалаудағы жылдық орташа температура 220С құрайды) жағымды климатты белгілейді.Аралдардағы көктемгі климат шамадан тыс аптаптан запа шекпей-ақ жыл бойы кез келген уақытта жағажайды пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай климат Қанар тұрғындарының жағымды мінезін көрсетеді. Канара аралдарының жұмсақ климаты ежелден бері адамдарды өзіне тартып келеді.

Тарихы

өңдеу
 
Гуимар пирамидасы — Тенерифе

Аралға еуропалықтар келмей тұрғанда, Гуанчи тайпалары мекендеген. Олардың дамуы деңгейі тас дәуіріндегімен тең болды, олар мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысты. Киім ретінде аң терісің пайдаланды. Өдерінінің артынан Гуимар пирамидасын жасады. Бұл мегалиттік архитектураның таңқаларлық ескерткіші.

 
Тенерифедегі испан шабқыншылығы

Тұрғындар

өңдеу

Арал тұрғындары:

10 мыңнан астам тұрғындары бар қалалар
1 қаңтар 500 жылдың мәліметтері бойынша
Лас-Пальмас-де-Гран-Канария 378,6 Канделариа 20,6
Санта-Крус-де-Тенерифе 221,6 Лос-Льянос-де-Аридане 19,9
Сан-Кристобаль-де-Ла-Лагуна 141,6 Санта-Брихида 18,8
Тельде 96,5 Гия-де-Исора 18,7
Арона 65,6 Пахара 18,2
Санта-Лусия-де-Тирахана 56,3 Санта-Крус-де-ла-Пальма 17,8
Арресифе 53,9 Сан-Бартоломе 17,5
Сан-Бартоломе-де-Тирахана 46,4 Ла-Олива 17,3
Ла-Оротава 40,4 Тиас 16,9
Лос-Реалехос 36,2 Гуимар 16,5
Арукас 34,2 Эль-Росарио 16,0
Адехе 33,7 Моган 16,0
Гранадилья-де-Абона 33,2 Тегисе 15,8
Пуэрто-де-ла-Крус 30,6 Санта-Мария-де-Гия 14,1
Пуэрто-дель-Росарио 30,4 Санта-Урсула 12,6
Инхенио 27,3 Туйнехе 12,5
Агуимес 25,5 Терор 12,2
Икод-де-лос-Винос 24,3 Сан-Мигель-де-Абона 11,7
Гальдар 23,2 Сантьяго-дель-Тейде 11,2
Такоронте 22,3 Тегесте 10,3

Дереккөздер

өңдеу
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Тағы қараңыз

өңдеу